Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 19 октября 2021 года № 6-4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области»

Өзге акт · № 2-2 · қабылданған 20.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2021-no-6-4-ekb-180476/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 19 октября 2021 года № 6-4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 2-2 ·20.04.2023
20.04.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 19 октября 2021 года № 6-4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 2-2 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 19 октября 2021 года № 6-4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аккайынском районе Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 19 қазандағы № 6-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедек бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2-2
Қабылданған күні
20.04.2023
Көрсетілген редакция
20.04.2023 180476_628581.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23SB749115
ЭКБ идентификаторы
180476
Редакция идентификаторы
180476_628581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:43

0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының

2021 жылғы 19 қазандағы № 6-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедек бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедек бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 19 қазандағы № 6-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24984 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Солтүстік
Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2023 жылғы 20
сәуірдегі
№ 2-2
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2021 жылғы 19 қазандағы
№ 6-4 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін қөрсету қағидаларына (әрі қарай- шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

4 4. Оқу шығындарын өтеу мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген өтініш берілген айдан бастап мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) осы шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы