Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 апреля 2021 года № 66, Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 138/НҚ, Председателя Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 4 и Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года

Бұйрық · № 153 · қабылданған 14.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2021-no-66-19-2021-no-138-20-2021-no-4-20-2021-no-133-ekb-184222/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 апреля 2021 года № 66, Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 138/НҚ, Председателя Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 4 и Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года Қолданыста Бұйрық ·№ 153 ·14.07.2023
14.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 апреля 2021 года № 66, Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 138/НҚ, Председателя Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 4 и Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года

Қолданыста Бұйрық ·№ 153 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 апреля 2021 года № 66, Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 138/НҚ, Председателя Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 4 и Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
153
Қабылданған күні
14.07.2023
Көрсетілген редакция
14.07.2023 184222_643907.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033140
ЭКБ идентификаторы
184222
Редакция идентификаторы
184222_643907
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:51

0

«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 133 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 133 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22599 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінде:
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру дәрежесі» көрсеткіші бойынша операциялық бағалау келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
T – осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның операциялық бағасы;
с – кіші түрлерін қоса алғандағы ішінара автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер саны;
d – кіші түрлерін қоса алғандағы толық автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер саны;
n – Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша «электрондық үкіметт» веб-порталы арқылы көрсетілуге жатпайтын қызметтерді қоспағанда, кіші түрлерін қоса алғандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны;
k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру үшін коэффициент (осы көрсеткіш бойынша коэффициент 10-ға тең);»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. «Мемлекеттік қызметтерді смартфондандыру» көрсеткіші бойынша операциялық бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
C – осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның операциялық бағасы;
w – кіші түрлерін қоса алғандағы мобильдік қосымшаларда қолжетімді мемлекеттік қызметтер саны;
a – кіші түрлерін қоса алғандағы толық және ішінара автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер саны;
k – алынған нәтижелерді салмақтық мәнге келтіруге арналған коэффициент (осы көрсеткіш бойынша коэффициент 5-ке тең);»;
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«114. Арнайы комиссияның бағаланатын мемлекеттік органдардан келіп түскен қарсылықтарды қарауы операциялық бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасы

Қолданыстағы