О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 19 января 2021 года № 7ВС-2-1 «О некоторых вопросах проведения мирных собраний»
Қолданыста
Өзге акт
·№ 8С-42-2
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 19 января 2021 года № 7ВС-2-1 «О некоторых вопросах проведения мирных собраний»
- Атауы (қаз.)
- Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8С-42-2
- Қабылданған күні
- 08.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2025 210034_756626.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25BM893303
- ЭКБ идентификаторы
- 210034
- Редакция идентификаторы
- 210034_756626
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:31
0 Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8334 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
2, 6, 7, 9, 16, 17, 29-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
2 «2. Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А.
6 6. Алаң, Беловод ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 2.
7 7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі бойымен Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін.
9 9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М.Маметова көшесі бойымен Жеңіс көшесінің қиылысына дейін.
16 16. Алаң, Киев ауылы, Абай көшесі, 174.
17 17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Абай көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін.
29 29. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Орталық көшесі бойымен Горький көшесінің қиылысына дейін.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
4-тармақтың 2), 6), 7), 9), 16), 17), 29) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
2 «2) Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А, шекті толу нормасы 150 адам;
6 6) алаң, Беловод ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 2, шекті толу нормасы 60 адам;
7 7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі бойымен Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;
9 9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М.Маметова көшесі бойымен Жеңіс көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 80 адам;
16 16) алаң, Киев ауылы, Абай көшесі, 174, шекті толу нормасы 70 адам;
17 17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Абай көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 70 адам;
29 29) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Орталық көшесі бойымен Горький көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.»;
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Жақсы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары».