Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна»

Бұйрық · № 189 · қабылданған 06.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2021-no-89-ekb-197480/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна» Қолданыста Бұйрық ·№ 189 ·06.06.2024
06.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна»

Қолданыста Бұйрық ·№ 189 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна»
Атауы (қаз.)
«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
189
Қабылданған күні
06.06.2024
Көрсетілген редакция
06.06.2024 197480_703988.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034473
ЭКБ идентификаторы
197480
Редакция идентификаторы
197480_703988
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:12

0 «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ПРИКАЗЫВАЮ:

1 1. «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
​«1. Осы Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 32-6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және астықтың резервтік қорын басқару тәртібін айқындайды.»;
​17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
​«17. Оператор астықтың резервтік қорын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есепті ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 ​2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 6 маусымдағы
№ 189
бұйрығына қосымша
Астықтың резервтік
қорын басқару жөніндегі
қағидаларға қосымша
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-ЗЗ
Жиілігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20______жылғы_____тоқсан
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: астық нарығы жөніндегі оператор
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде
Тоқсанның соңына

Астық қа­был­дау кә­сі­пор­ны­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Астық қа­был­дау кә­сі­пор­ны­ның ата­уы
Астық қа­был­дау кә­сі­пор­ны­ның ме­кен­жайы
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің сы­нып­та­уы­шы бой­ын­ша ко­ды
Астық кө­ле­мі, тон­на
1
2
3
4
5
6
Атауы_____________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________
Телефоны__________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы_________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________
(қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы)
______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
«Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

2 «Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме

«Астықтың резервтік қорының
бар-жоғы туралы есеп»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша
«Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік
деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

3 3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

​4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

5 5. 2-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

6 6. 3-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі.

7 7. 4-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының мекенжайы көрсетіледі.

8 8. 5-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды көрсетіледі.

9 9. 6-бағанда астық қабылдау кәсіпорнында сақталатын астық көлемі тоннамен көрсетіледі.

Қолданыстағы