Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна»

Бұйрық · № 264 · қабылданған 28.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2021-no-89/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна» Қолданыста Бұйрық ·№ 264 ·28.08.2025
28.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна»

Қолданыста Бұйрық ·№ 264 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 89 «Об утверждении Правил по управлению резервным запасом зерна»
Атауы (қаз.)
Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
28.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
15.09.2025
Көрсетілген редакция
28.08.2025 213783_775270.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036753
ЭКБ идентификаторы
213783
Редакция идентификаторы
213783_775270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:33

0 «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларында:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) астық нарығы жөніндегі оператор (бұдан әрі – оператор) – астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын және жемдік қорды басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) астықтың резервтік қорын басқару – астық нарығы жөніндегі оператордың бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың резервтік қорын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың резервтік қорын сатып алуға, өткізуге және айырбастауға бағытталған қызметі;»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 264 бұйрығына қосымша
Астықтың резервтік
қорын басқару жөніндегі
қағидаларға қосымша
Нысан
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ЗЗ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20______жылғы_____тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: астық нарығы жөніндегі оператор
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Жинау әдісі: электрондық түрде

Астық қа­был­дау кә­сі­пор­ны­ның ата­уы
Астық қа­был­дау кә­сі­пор­ны­ның ме­кен­жайы
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші (ӘА­ОЖ) бой­ын­ша ко­ды
Астық кө­ле­мі, тон­на
1
2
3
4
5
Атауы__________________________________
Мекенжайы_____________________________
Телефоны________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы _________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбасы)
_____________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі (бар болса))
Ескертпе: «Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

1 «Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме (индекс: № 1-ЗЗ нысаны, кезеңділік: тоқсан сайын)

«Астықтың резервтік қорының
бар-жоғы туралы есеп»
әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме
(индекс: № 1-ЗЗ нысаны, кезеңділік: тоқсан сайын)

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

3 3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

4 4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

5 5. 2-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі.

6 6. 3-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының мекенжайы көрсетіледі.

7 7. 4-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші (ӘАОЖ) бойынша коды көрсетіледі.

8 8. 5-бағанда астық қабылдау кәсіпорнында сақталатын астық көлемі тоннамен көрсетіледі.

Қолданыстағы