Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 102 «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Бұйрық · № 191 · қабылданған 26.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-102-ekb-203460/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 102 «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 191 ·26.11.2024
26.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 102 «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 191 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 102 «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
191
Қабылданған күні
26.11.2024
Қолданысқа енгізілген күні
26.11.2024
Көрсетілген редакция
26.11.2024 203460_733639.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NZA00191
ЭКБ идентификаторы
203460
Редакция идентификаторы
203460_733639
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:23

0

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларда:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мақсаттары:
1) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
2) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру;
3) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.»;
14-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) респонденттерді бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін әкімшілік деректерді, балама деректерді пайдалану;»;
9-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-3) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алу және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;»;
9-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-6) әкімшілік дереккөздің «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп белгілеу;»;
9-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-8) Заңның 12-1-бабында белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексерулер жүргізу;»;
9-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-10) тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруіне кедергі жасамау;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі бастапқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің және балама деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштерді электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшіруді қамтамасыз ету;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) үй шаруашылықтарынан өтеулі және өтеусіз негізде олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді алу;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалауы анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;»;
15-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде күнтізбелік үш жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыру кезінде Ұлттық статистика бюросына ұсыныстар енгізу;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Ұлттық статистика бюросының ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорларын және олардың платформаларын, статистикалық тіркелімдерді, интернет-ресурсын қалыптастыруды және жаңартып отыруды қамтамасыз етуге қатысу;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етуге қатысу;»;
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 200000, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Есенберлин көшесі, 65.».

2 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды белгіленген мерзімдерде қабылдасын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы