Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Бұйрық · № 347 · қабылданған 28.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-115-ekb-176471/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 347 ·28.12.2022
28.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 347 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
347
Қабылданған күні
28.12.2022
Көрсетілген редакция
28.12.2022 176471_614658.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031389
ЭКБ идентификаторы
176471
Редакция идентификаторы
176471_614658
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:14

0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің

2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) – «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар негізінде әзірленді (бұдан әрі – Талаптар).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нұсқаулық, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген объектілерді террористік тұрғыдан осал деп тану өлшемшарттарының 2-тармағының 1), 3) және 7) тармақшаларына және 3-тармағының 1) және 5) тармақшасына сәйкес террористік тұрғыдан осал деп танылған, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің (Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің, азаматтық қорғау білім беру ұйымдарының, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің, сондай-ақ су шаруашылығы объектілерінің) объектілерінде (бұдан әрі – Министрліктің объектісі) тұрақты немесе уақытша болатын барлық адамдарға қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар:
1) әскери бөлімнің бақылау-өткізу пункттерінде тәулік бойы кезекшілік атқару;
2) әскери бөлім әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін, келушілердің жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру;
3) әскери бөлімнің әскери қызметшілері мен келушілерді, сондай-ақ олардың қол жүгін және енгізілетін заттарды қарап-тексеру болып табылады. Жеке заттарды қарап-тексеру арнайы жабдықты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Арнайы техникалық бақылау құралдары іске қосылған жағдайда кезекші наряд келушіге көзбен қарап тексеру үшін заттарын көрсетуді ұсынады;
4) келушілердің кіруі біржолғы рұқсаттамалар бойынша. Келушілерге біржолғы рұқсаттаманы ресімдеуді және беруді бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші еріп жүруге жауапты әскери қызметші келгеннен кейін ғана жүзеге асырады. Біржолғы рұқсаттамалар адамдарға бір баруға беріледі және олар әскери бөлім аумағында болған кезінде ғана жарамды болады;
5) келушілерді әскери бөлім аумағы бойынша алып жүру;
6) арнайы құрылғылар мен жабдықтарды пайдалана отырып, көлік құралдарын тексеріп қарауды қамтиды. Көлік құралдарының кіруі (шығуы), сондай-ақ мүлікті әкелу (әкету) жүргізуші құжаттары, жол (бағыт) парақтары, мүлікке нарядтар (жүкқұжат) болған кезде жүзеге асырылады.»;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Терроризмге қарсы комиссия Министрліктің террористік тұрғыдан осал объектілері қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды үйлестіреді, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қоспағанда, атап айтқанда:
1) террористік сипаттағы өзекті қатерлер туралы;
2) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасы туралы;
3) терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау қатерін азайту), сондай-ақ ықтимал террористік қатерлерден болатын салдарларды барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін жағдайлар жасау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
32. Жедел штаб басшылығы эксперименттер жүргізу арқылы жүзеге асырылатын профилактикалық іс-шараларға санкция береді.
Эксперименттер объектіні күзету бөлімшелерінің террористік сипаттағы қаупі төнген жағдайда бірінші кезектегі іс-қимылдарға әзірлігін бағалауға бағытталған.»;
57-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші топтағы объектілер –облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Азаматтық қорғау академиясы», азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері, сондай-ақ олар жетекшілік ететін өрт сөндіру бөлімдері.».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы