О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 287
- Қабылданған күні
- 25.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2024 199177_713174.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034819
- ЭКБ идентификаторы
- 199177
- Редакция идентификаторы
- 199177_713174
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:23
0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27705 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бейнебақылау жүйесі-жұмыс істеп тұрған бейнеканалдардың, бейнедеректерді жазу мен сақтаудың бағдарламалық және техникалық құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын басқарудың бағдарламалық және техникалық құралдарының жиынтығы;».
47-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51 бірлескен бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес екі данада жасалады, электрондық нұсқасы бірге әзірленеді».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3 3. осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті