О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Павлодара от 19 апреля 2022 года № 550/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ города Павлодара»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Павлодара от 19 апреля 2022 года № 550/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ города Павлодара»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 550/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 826/1
- Қабылданған күні
- 05.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2025 211200_761388.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25PA08261A
- ЭКБ идентификаторы
- 211200
- Редакция идентификаторы
- 211200_761388
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:01
0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 550/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 550/2 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
«Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің туралы Ережесінде:
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
26-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.