Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Қаулы · № 421 · қабылданған 29.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-580-ekb-197166/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 421 ·29.05.2024
29.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 421 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
421
Қабылданған күні
29.05.2024
Көрсетілген редакция
29.05.2024 197166_706530.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000421
ЭКБ идентификаторы
197166
Редакция идентификаторы
197166_706530
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:19

0 «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«103) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысын үйлестіру;»;
108) тармақша алып тасталсын;
115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«115) салалық уәкілетті органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;»;
134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«134) мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 153-1) тармақшамен толықтырылсын:
«153-1) тексерілетін субъектіні тілдерді дамыту саласындағы мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу өлшемшартын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 177-24), 177-25), 177-26) және 177-27) тармақшалармен толықтырылсын:
«177-24) ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
177-25) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын келісу;
177-26) іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілетін салаларды айқындау;
177-27) жетекші ғалымдардың ғылыми еңбектерді дайындау және жариялау үшін халықаралық рецензияланатын баспаларды (журналдарды) айқындау;».

2 2. Осы қаулы:

1) 2024 жылғы 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы абзацын;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші және сегізінші абзацтарын;
3) 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он екінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы