Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Қаулы · № 94 · қабылданған 24.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-580-ekb-207352/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 94 ·24.02.2025
24.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 94 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
94
Қабылданған күні
24.02.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.03.2025
Көрсетілген редакция
24.02.2025 207352_746346.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000094
ЭКБ идентификаторы
207352
Редакция идентификаторы
207352_746346
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:59

0 «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында, тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
15-тармақта:
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру жинақтау салымы және білім беру жинақтау сақтандыруы туралы үлгілік шарттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;»;
37-1) тармақша алып тасталсын;
37-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37-2) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 73-18) тармақшамен толықтырылсын:
«73-18) жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеу;».

2 2. Осы қаулы 2025 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы