Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Қаулы · № 283 · қабылданған 28.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-580-ekb-209605/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 283 ·28.04.2025
28.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 283 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
283
Қабылданған күні
28.04.2025
Қолданысқа енгізілген күні
28.04.2025
Көрсетілген редакция
28.04.2025 209605_755270.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000283
ЭКБ идентификаторы
209605
Редакция идентификаторы
209605_755270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:49

0 «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, тілдерді дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-8) тармақшамен толықтырылсын:
«2-8) мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге арналған өтініштің нысанын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 39-2) тармақшамен толықтырылсын:
«39-2) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторын айқындауды келісу;»;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
«72-1) педагогтік қайта даярлау тәртібін айқындау;»;
119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
146) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 152-5) тармақшамен толықтырылсын:
«152-5) тіл саясаты саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 160-2) және 160-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«160-2) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
160-3) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру мен дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 161-1) тармақшамен толықтырылсын:
«161-1) Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 177-28) тармақшамен толықтырылсын:
«177-8) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жекешелендіруді келісу;»;
мынадай мазмұндағы 177-29) тармақшамен толықтырылсын:
«177-29) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы