Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»

Қаулы · № 95 · қабылданған 24.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-581-ekb-207351/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 95 ·24.02.2025
24.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 95 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
95
Қабылданған күні
24.02.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.03.2025
Көрсетілген редакция
24.02.2025 207351_745692.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000095
ЭКБ идентификаторы
207351
Редакция идентификаторы
207351_745692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:59

0 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
89-6) , 89-7) және 89-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«89-6) жыл сайын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеу;
89-7) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау;
89-8) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру жинақтау салымы және білім беру жинақтау сақтандыруы туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;»;
89-9) тармақша алып тасталсын;
89-10) және 89-11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«89-10) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
89-11) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы сақтандыру ұйымы, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 89-15) тармақшамен толықтырылсын:
«89-15) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану, қайтару қағидаларын келісу;».

2 2. Осы қаулы 2025 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы