О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 740
- Қабылданған күні
- 11.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2025 214134_782678.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000740
- ЭКБ идентификаторы
- 214134
- Редакция идентификаторы
- 214134_782678
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:22
0 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің
кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгі туралы ережеде:
15-тармақта:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта білімнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
«18-2) білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 235-40) тармақшамен толықтырылсын:
«235-40) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;».