О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер - Министра - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 апреля 2024 года № 11-1-4/184 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер - Министра - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 апреля 2024 года № 11-1-4/184 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 11-1-4/184 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/383
- Қабылданған күні
- 26.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2024 200051_716829.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034878
- ЭКБ идентификаторы
- 200051
- Редакция идентификаторы
- 200051_716829
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:21
0 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы
істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 11-1-4/184
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №11-1-4/184 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 сәуірде № 34291 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;».
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі