Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Актауского городского маслихата от 19 апреля 2024 года № 12/76 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актау»

Ереже · № 34/211 · қабылданған 21.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2024-no-1276-ekb-229376/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Актауского городского маслихата от 19 апреля 2024 года № 12/76 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актау» Күшіне енбеген 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение Актауского городского маслихата от 19 апреля 2024 года № 12/76 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актау»

Күшіне енбеген Ереже № 34/211 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Актауского городского маслихата от 19 апреля 2024 года № 12/76 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актау»
Атауы (қаз.)
«Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
34/211
Қабылданған күні
21.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.09.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 I229376_1.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26MA34211M
ЭКБ идентификаторы
229376
Редакция идентификаторы
I229376_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
29.08.2026 03:32
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4702-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2 -тармақтың 12), 14), 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) цифрлық құжаттар сервисі- «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымның операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) «цифрлық үкіметтің» веп-порталы (бұдан әрі-портал)- нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын цифрлық объект;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі- ЭЦҚ)- электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
6-тармақтың 3) тармақшасынан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Көрсетілген ақшалай төлемге құқығы бар бірнеше адам бір тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген жағдайда, төлем тек қана біреуіне жүргізіледі.
Мереке күндері мен атаулы күндерге, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек төлем күні туындағанға дейін Ақтау қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.
Өтініш беруші толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ өтініш беруші арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдарда тұратын жағдайда немесе өтініш беруші бас бостандығынан айыру орындарында болған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Мереке күндері мен атаулы күндерге және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Ақтау қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызмет орталығына тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-3-тармақпен толықтырылсын:
«6-3. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жоғары оқу орындарында білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жыл сайынғы ақшалай төлем ретінде, бұрын тағайындалған санаттағы азаматтарға, өтініші бойынша:
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын студенттерге, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымын аяқтағанға дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган оқуға әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi.
Оқуға әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражат түскен кезден бастап үш жұмыс күн ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға төлеу туралы түбіртекті ұсынады.
Келесi оқу жылдарына әлеуметтік көмек жыл сайын оқу жылының басында жүргiзiледi.
6-3- тармақтың күші осы шешім қолданысқа енгізілген күнге дейін әлеуметтік көмек алушы болып табылған, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан студенттерге ғана қолданылады және олар оқуын аяқтағанға дейін сақталады. Осы шешім қолданысқа енгізілген күнінен кейін жоғары оқу орындарына қабылданған студенттерге 6-3-тармақтың күші қолданылмайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі