О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 19 марта 2024 года № 14/123-VIII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 19 марта 2024 года № 14/123-VIII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24/215-VIII
- Қабылданған күні
- 28.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 208042_747768.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25E0023317
- ЭКБ идентификаторы
- 208042
- Редакция идентификаторы
- 208042_747768
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:51
0 «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында»:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін әкімдік белгілейді және осы Қағидалармен бекітіледі.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.»;
12-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
Заңның 5-бабында көрсетілген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне– 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;»;
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«5) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1272 АЕК мөлшерінде;
Заңның 7-бабы 3), 4) тармақшаларында көрсетілген еңбек ардагерлеріне – 15 АЕК мөлшерінде;
осы тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген адамдарға– 15 АЕК мөлшерінде;»;
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«9) 1 қазан – Қарттар күні:
70 жасқа толған және одан асқан адамдарға – 3 АЕК мөлшерінде;».