О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 сентября 2025 года № 237 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 сентября 2025 года № 237 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 225
- Қабылданған күні
- 08.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2026 I229913_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26V000225A
- ЭКБ идентификаторы
- 229913
- Редакция идентификаторы
- I229913_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 12.09.2026 03:30
0 «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгілеу туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214472 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2026 жылғы «8» қыркүйектегі
№ 225 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «19» қыркүйектегі
№ 237 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар
р/с №
Су объектісінің атауы
Су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар
Ауылдық округ, жақын орналасқан елді мекен
Өскемен қаласы
1
Меновное көлі
«Сол жағалау кешені» жағажайы
Өскемен қаласы
49°55'58.73"N 82°36'19.97"E
2
Ертіс өзені
«Самал» жағажайы
Өскемен қаласы
49°57'34.07"N 82°34'14.39"E
3
Ертіс өзенінің арнасы, котлован
«Кенді емес материалдар комбинаты» ауданында
Өскемен қаласы
49°59'33.12"N 82°32'33.73"E
Алтай ауданы
4
Бұқтырма су қоймасы
Жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын жағажай
Жаңа Бұқтырма кенті
49°36'42.4"N 83°30'26.9"E
5
«Балақай» балалар сауықтыру лагері
«Көгілдір шығанақ» демалыс үйінің аумағында
49°37'40.1"N 83°26'42.6"E
6
«Жігер» балалар сауықтыру лагері
Алтай ауданы
49°36'29.2"N 83°29'38.3"E
Зайсан ауданы
7
Зайсан көлі
Жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын жағажай
Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің Половинка учаскесі, оңтүстік-батыс бағытта 40 км жерде
47°40'31.4"N 84°26'21.6"E
Тарбағатай ауданы
8
Зайсан көлі
Азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын жағажай
Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылдық округі, Қарсақбай учаскесі
47°52'36.80"N 83°50'42.07"E
Глубокое ауданы
9
Ертіс өзені
Азаматтардың жаппай демалу орны
Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Ертіс өзені ағысы бойының оң жағалауы
50°09'08.28"N 82°16'59.43"E
Үлкен Нарын ауданы
10
Бұқтырма су қоймасы
Жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын жағажай
Новохайрузовка ауылдық округі, Приморское ауылы
49°12'00.31"N 84°20'16.17"E
11
«Приморск» балалар сауықтыру лагері
«Приморск» демалыс базасында
49°12'04.23"N 84°19'50.20"E
Күршім ауданы
12
Бұқтырма су қоймасы
Жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын жағажай
Құйған ауылдық округі
48°39'03.1"N 83°31'14.6"E
13
Күршім өзені
Туристік демалыс орны
Күршім ауылдық округі, Күршім ауылынан 4 километр, «Понтон көпірі» учаскесі
48°35'45.01"N 83°33'49.6"E
Самар ауданы
14
Бұқтырма су қоймасы
Жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында азаматтардың жаппай демалуы үшін пайдаланылатын жағажай
Сарыбел ауылдық округі, Сарыбел ауылының маңындағы шығанақ ауданында
49°06'00.2"N 84°02'57.9"E
15
Сарыбел ауылдық округі, Новостройка ауылы маңындағы аймақ
49°03'18.8"N 83°51'36.9"E
16
Миролюбовка ауылдық округі, «Батинский поворот» учаскесі
49°00'19.5"N 83°41'47.6"E
17
«Балауса - 2» балалар сауықтыру лагері
Новостройка ауылының аумағында
49°03'55.62"N 83°52'00.17"E
Ұлан ауданы
18
Бұқтырма су қоймасы
Туристік демалыс орны
Тарғын ауылдық округі, Манат ауылы, Аюда демалыс базасы
49°33'04.5"N 83°26'46.9"E
19
Шыбындыкөл көлі
Балық аулау және туристік демалыс орны
Тарғын ауылдық округі, Жоғарғы Тайынты ауылы
49°22'26.8"N 83°01'45.8"E
20
Сібе көлдері (Садыркөл көлі)
Судағы спорт және белсенді демалыс, туристік демалыс орны
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
49°27'12.15"N 82°35'23.98"E
21
Сібе көлдері (Төртқара көлі)
Туристік демалыс орны
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
49°26'35.1"N 82°37'07.3"E
22
Сібе көлдері (Шалқар көлі)
Туристік демалыс орны
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
49°26'01.9"N 82°37'56.6"E
23
Сібе көлдері (Қоржынкөл көлі)
Туристік демалыс орны
Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
49°25'44.4"N 82°38'37.3"E
24
Дубығалы көлі (Окуньки)
Туристік демалыс орны
Таврия ауылдық округі, Гагарино ауылы
50°04'01.28"N 81°46'52.58"E
25
Сартымбет көлі
Туристік демалыс орны
Айыртау ауылдық округі, Айыртау ауылы
49°45'08.4"N 82°01'27.2"E