О внесении изменений и дополнения в решение Кокпектинского районного маслихата от 19 мая 2025 года № 27-2«Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Кокпектинского районного маслихата от 19 мая 2025 года № 27-2«Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 27-2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46-3/1
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229524_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26FJ04631M
- ЭКБ идентификаторы
- 229524
- Редакция идентификаторы
- I229524_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.09.2026 03:31
0 Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 27-2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»2025 жылғы 19 мамырдағы № 27-2 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 460-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 6),7), 8) тармақшалары алынып тасталынсын.
11-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат.»;
21- тармақ келесі мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.»;
22-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілгенде;»;
27-тармақта:
«29» деген цифр «27»деген цифрмен ауыстырылсын;
28-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган төлем жасалатын айдың 27-сі күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты келесі айдың 1-і күнінен кейін Мемлекеттік корпорацияға аударады.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
________________А.Нұрлыбек
2026 жылғы «___»___________