О внесении изменении и дополнении в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 50 «О некоторых вопросах об утверждении положении о государственных учреждениях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении и дополнении в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 50 «О некоторых вопросах об утверждении положении о государственных учреждениях»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 «Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 26.03.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2025 217034_785852.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25M000074A
- ЭКБ идентификаторы
- 217034
- Редакция идентификаторы
- 217034_785852
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:28
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 «Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 «Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі 4-тармағы мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования».
2 2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 «Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» қаулысымен бекітілген қосымшаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшасымен бекітілген «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне:
2-тарау 14-тармағы 1) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
«салынып жатқан объектілер конструкцияларының және пайдаланылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жоба талаптарына және мемлекеттік (мемлекетаралық) стандарттарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту;
техникалық және сәулеттік қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардан осы құрылысқа қажетті жобалық және құрылыстық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптамалық қорытындыларын қарау үшін сұрату және олардан қарау үшін алуға;
мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімдерінен) ауытқуларды анықтаған кезде тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) және (немесе) мердігерге құрылыс-монтаждау ұйымына (кәсіпорынға) белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізеді;
құқық белгілейтін және жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй және өндірістік объектілердің құрылысын тоқтата тұру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен әкімдік қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
тапсырыс беруші (құрылыс салушы) және (немесе) мердігер құрылыс-монтаж ұйымы (кәсіпорын) жіберген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұсыным енгізеді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.»;
2-тараудың 14-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацы «Басқаманың ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады» алып тасталсын;
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
«Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;»;
2-тарау 15-тармағы 5) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
«ұлттық стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын пайдалануға тыйым салу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу;
өндірістік объектілерді жобалау, орналастыру және салу үшін;
тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанындағы сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау;
азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшасымен бекілген «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
«Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;»;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшасымен бекілген «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
«Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;»;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшасымен бекілген «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 13-тармағы келесі мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
«Маңғыстау облысының дамытудың даму бағдарламасында белгіленген «Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» және «Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы» нысаналы индикаторларына қол жеткізу.»
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
«Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;»;
2-тарау 15-тармағы келесі мазмұнды жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Маңғыстау аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы жұмыстарын мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
2) Қазақстан Республикасында құрылыс, сәулет жен қала құрылысы мәселесі бойынша мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру бойынша жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын әдзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
5) төтенше дүлей зілзала салдарынан қиратылған азаматтық және тұрғын үй мақсатындағы нысандарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
6) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың құрылыс органдарының жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету;
7) жобалау және құрылыс мердігерлермен шарттар жасасу;
8) жасасылған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алуды қаржыландыру;
9) мердігерлермен жасасылған шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
10) салынып біткен объектілерді пайдалануға беру жөніндегі жұмыстары ұйымдастыру;
11) тұрғын үй жобалауға және салуға бюджетті несиелендіруді қамтамасыз ету;
12) қайтарымдылық негізінде бөлінген қаражаттың есепке алынуы мен қайтарылуын қамтамасыз ету;
13) құрылыстың барлық кезіндерінде құрылыс процесіндегі тапсырыс берушінің техникалық қадағалауын және жоба әзірлеушінің авторлық қадағалауын ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
14) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
15) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
16) облыстық мәслихат мақұлданған, халқының есептік саны жұз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсыну;
17) ведомстволық бағынысты әкімшілік -аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлданған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
18) аумақты абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік қоммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау және күтіп ұстау қағидалары құқықтық актілерін дайындау кейіннен облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
19) облыс елді мекендерінің шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп –баптау және қорғау қағидалары құқықтық актілерін дайындау кейіннен облыстық мәслихаттың бекітуне ұсыну;
20) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізу;
21) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекаралырын белгілеу немесе өзгерту жөнінде құрушы факторларға ықпал ететін ұсыныстар дайындау;
22) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарларына келісім беру;
23) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
24) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
25) пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) актілерін тіркеу және есебін жүргізу;
26) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдардың жұмысына жәрдемдесу;
27) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
28) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджет инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендер құрылысының жобалау алдындағы құжаттамаларын (жобалау-сметалық) қарау және бекіту;
29) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды ақпараттандыру. Құзыретіне кіретін міселелер бойынша тусіндірмелер беру;
30) инженерлік инфраструктураны дамыту;
31) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу;
32) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
33) өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
34) облыс елді мекендерін дамыту мен салуды кешенді жоспарлау мақсатында экология, көліктік жоспарлау, мәдениеттану, сәулет, қала құрылысы және әлеуметтану салалары бойынша принциптерді ескере отырып, урбанистика бағытын құру жөнінде ұсыныс енгізу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.».
көрсетілген қаулыға 5-қосымшасымен бекілген «Маңғыстау облысының жастыр саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
«Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;».