Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 51 «О переименовании государственного учреждения «Управление индустриально - инновационного развития Мангистауской области»

Қаулы · № 166 · қабылданған 05.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2025-no-51/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 51 «О переименовании государственного учреждения «Управление индустриально - инновационного развития Мангистауской области» Қолданыста Қаулы ·№ 166 ·05.08.2025
05.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 51 «О переименовании государственного учреждения «Управление индустриально - инновационного развития Мангистауской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 166 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 51 «О переименовании государственного учреждения «Управление индустриально - инновационного развития Мангистауской области»
Атауы (қаз.)
«Маңғыстау облысының индустриялдық - инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
166
Қабылданған күні
05.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
14.08.2025
Көрсетілген редакция
05.08.2025 213190_770319.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25M000166A
ЭКБ идентификаторы
213190
Редакция идентификаторы
213190_770319
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:56

0 «Маңғыстау облысының индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Маңғыстау облысының индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207520 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға сәйкес бекітілген «Маңғыстау облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15-тармақта:
11), 22), 31), 35), 39), 46), 47), 63), 76), 77), 78), 79), 80) тармақшалары алынып тасталсын;
32) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«32) Маңғыстау облысына инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі мен облыс әкімі жанындағы инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі штабтың қызметін қамтамасыз ету;»;
43) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«43) Қазақстан Республикасының инновациялық саясатын жергілікті деңгейде іске асыру;»;
48) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«48) өңірдің басым бағыттарына сәйкес «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамының жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;»;
49) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«49) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалардың мониторингін жүзеге асыру;»;
50) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«50) өз құзыреті шегінде «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында инженерлік инфрақұрылымның дамуына мониторингті жүзеге асыру;»;
52) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«52) шетелде облыстық сауда-экономикалық миссиялар мен делегацияларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;»;
61) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«61) өз құзыреті шегінде шетелде өтетін халықаралық форумдарды, көрмелерді тұсаукесерлерді жоспарлау, дайындау және өткізу;»;
62) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«62) өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалық тапсырмаларын және Маңғыстау облысының даму бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;»;
15-тармақ 62-1), 62-2), 62-3), тармақшаларымен толықтырылсын:
«62-1) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және бақылау жүргізу;
62-2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі бағыттарында мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметін үйлестіру;
62-3) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қатысуымен іске асырылатын инвестициялық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және өзге де жобаларды әзірлеуге, келісуге және іске асыруын мониторингілеу;».

2 2. «Маңғыстау облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы