Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 57 «О некоторых вопросах по утверждению положении о государственных учреждениях»

Қаулы · № 167 · қабылданған 05.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2025-no-57-ekb-213206/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 57 «О некоторых вопросах по утверждению положении о государственных учреждениях» Қолданыста Қаулы ·№ 167 ·05.08.2025
05.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 57 «О некоторых вопросах по утверждению положении о государственных учреждениях»

Қолданыста Қаулы ·№ 167 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 57 «О некоторых вопросах по утверждению положении о государственных учреждениях»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
167
Қабылданған күні
05.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
05.08.2025
Көрсетілген редакция
05.08.2025 213206_770279.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25M000167A
ЭКБ идентификаторы
213206
Редакция идентификаторы
213206_770279
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:56

0 «Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы

19 ақпандағы № 57 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.«Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207401 болып тіркелген) келесідей толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
15-тармақ келесідей 37), 38), 39), 40), 41), 42) тармақшалармен толықтырылсын:
«37) мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту, бағдарламалары негізінде гранттар тартуға арналған өтінімдерді қалыптастырады;
38) облыстың бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;
39) бесжылдық кезеңге арналған облысты (аумақтарды) дамыту бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, аудандар мен қалаларды (аумақтарды) дамыту бағдарламаларын әзірлеу, түзету және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
40) өңірлік даму мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіреді;
41) аумақтық даму бағдарламаларын, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру мониторингін, жекелеген аумақтарды (шағын және моноқалаларды, шекара маңындағы аудандарды, тірек ауылдық елді мекендерді) мемлекеттік қолдау шараларын жасауды жүзеге асырады;
42) «Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу» бағыты бойынша облыс әкімдігінің тиімділігін бағалау қорытындыларына талдау жүргізеді, жұмысты жақсарту бойынша шаралар әзірлейді.».

2 2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2)осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы