Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 19 мая 2026 года № 168 «Об утверждении регламента акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 300 · қабылданған 02.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2026-no-168/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 19 мая 2026 года № 168 «Об утверждении регламента акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста 02.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 19 мая 2026 года № 168 «Об утверждении регламента акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы № 300 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 19 мая 2026 года № 168 «Об утверждении регламента акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 168 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
300
Қабылданған күні
02.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
02.09.2026
Көрсетілген редакция
02.09.2026 229831_839406.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26SC00300A
ЭКБ идентификаторы
229831
Редакция идентификаторы
229831_839406
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:35
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 168 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 168 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Айыртау ауданы әкімдігінің регламенті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабына сәйкес әзірленді және аудан әкімдіктері (бұдан әрі – әкімдік) отырыстарын дайындау және өткізу, әкімдіктің және аудан, облыстық, әкімі (бұдан әрі – әкім) актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс, аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Әкiмдіктің отырыстарына Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ облыстық атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және заңдармен, Президент және Үкіметтің актілерімен осындай құқық берілген өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Әзірлеуші Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты немесе кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын әкімдіктің қаулысын немесе әкімнің шешімін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде әкімдік қаулысының немесе әкім шешімінің нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ олардың болжамды тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын баспасөз релизін қазақ және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда өзге де тілдерде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Вице-Президентінің, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс, аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілерi мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру»;
30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Вице-Президентінің, Yкiметiнің, Премьер-Министрiнің, әкiмдіктің және әкiмнің актілерінің орындалуын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмалары және лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға қойылады.
32. Атқарушы органдардың бірінші басшылары орындау үшін жіберілетін заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.»;
35, 36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Аппарат заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, облыс, және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау бойынша қызметтi қамтамасыз етуді әкім айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
36. Аппарат заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi тұрақты түрде хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылау бойынша әкімнің қызметiн қамтамасыз етедi.
Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.»;
37. Әкім, әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде экономика салаларында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, облыс әкімдігі және әкімі қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
38. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарларының, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өтетін кеңестерді қоспағанда, әкімдік мүшелері әкіммен немесе әкімнің міндетін атқарушы адаммен келісуі бойынша әкімдік атынан орталық мемлекеттік органдардың кеңестеріне өздері қатысады.».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.