Құжат мәтініне өту

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қаулы · № 35 · қабылданған 26.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.02.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1941-1945-ekb-44538/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 35 ·26.01.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

ҚАЗ1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 35 · қабылданған 26.01.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Атауы (қаз.)
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35
Қабылданған күні
26.01.2009
Көрсетілген редакция
22.02.2010 · қолданыстағы 44538_201596.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
22.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DG000069
ЭКБ идентификаторы
44538
Редакция идентификаторы
44538_201596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:57

0 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:

1 1) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, электр қуаты) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі – қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына беріледі.

2

2) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару сияқты тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты – 45кВт (1кВт құны – 8 теңге 84 тиын), айына 1 газ баллонның құны – 1400 теңге, суық су жеке меншік үйлерде – 136 теңге 82 тиын, көпқабатты үйлерде – 218 теңге 90 тиын, канализация – 157 теңге 31 тиын, көпқабатты үйлерде қоқыс шығару үшін – 60 теңге, жеке меншік үйлерде 2 тонна көмірдің құны – 15500 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) қатысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, не болмаса олардың жалдаушы болуына қарамастан төленеді.

3 3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

4

4) Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.

5 5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй-коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жұлдызынан бастап тағайындалады.

6 6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы жеке шоттарына аударуды «Қазпошта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының Жамбыл аудандық пошта байланыс торабы және Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының № 310900 Жамбыл аудандық филиалы жүзеге асырады.

2 2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Дулат Мұратұлы Сансызбаевқа жүктелсін.

3

3. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 43 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 26 наурызда тіркелген, тіркеу № 2-7-58, 2008 жылғы 26 наурыздағы №15(5383) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.