1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Атауы (қаз.)
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 26.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2010 · қолданыстағы 44538_201596.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DG000069
- ЭКБ идентификаторы
- 44538
- Редакция идентификаторы
- 44538_201596
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:57
0 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:
1 1) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, электр қуаты) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі – қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына беріледі.
2
2) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару сияқты тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты – 45кВт (1кВт құны – 8 теңге 84 тиын), айына 1 газ баллонның құны – 1400 теңге, суық су жеке меншік үйлерде – 136 теңге 82 тиын, көпқабатты үйлерде – 218 теңге 90 тиын, канализация – 157 теңге 31 тиын, көпқабатты үйлерде қоқыс шығару үшін – 60 теңге, жеке меншік үйлерде 2 тонна көмірдің құны – 15500 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) қатысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, не болмаса олардың жалдаушы болуына қарамастан төленеді.
3 3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
4
4) Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.
5 5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй-коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жұлдызынан бастап тағайындалады.
6 6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы жеке шоттарына аударуды «Қазпошта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының Жамбыл аудандық пошта байланыс торабы және Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының № 310900 Жамбыл аудандық филиалы жүзеге асырады.
2 2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Дулат Мұратұлы Сансызбаевқа жүктелсін.
3
3. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 43 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 26 наурызда тіркелген, тіркеу № 2-7-58, 2008 жылғы 26 наурыздағы №15(5383) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын.