Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О призыве граждан 1970-1979 годов на срочную военную службу весной 1997 года

Өзге акт · № 469 · қабылданған 08.04.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1970-1979-1997/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О призыве граждан 1970-1979 годов на срочную военную службу весной 1997 года Күшін жойған 08.04.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О призыве граждан 1970-1979 годов на срочную военную службу весной 1997 года

Күшін жойған Өзге акт № 469 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О призыве граждан 1970-1979 годов на срочную военную службу весной 1997 года
Атауы (қаз.)
1970-1979 жылғы азаматтарды 1997 жылғы көктемгi кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
469
Қабылданған күні
08.04.1997
Көрсетілген редакция
08.04.1997 539_244672.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97L000011_
ЭКБ идентификаторы
539
Редакция идентификаторы
539_244672
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:09
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1970-1979 жылғы азаматтарды 1997 жылғы көктемгi кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3430 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қыметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың сәуір-тамыз айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, осы Жарлықты жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуіріндегі № 458 қаулысын және Қазақстан Республикасының «жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, сондай-ақ 1970-1979 жылдары туған азаматтарды 1997 жылдың көктеміндегі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде және сапалы өткізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Аудандар мен Қызылорда қаласында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу үшін, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің шешімімен шақыру комиссиялары құрылсын және олардың жұмысы ұйымдастырылсын.

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне:

- азаматтарды әскерге шақыру және әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде әскери комиссариаттарды осы жұмыстарды атқаруға сай жабдықталған шақыру пунктерімен қамтамасыз ету, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші құрамды бөлу;
- мерзімді әскери қызметке шақыруға орай әскерге шақырылған азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау және осы мақсаттар үшін, шақыру мерзіміндегі кезекшілік үшін қажетті көлік бөліп отыру;
- әскерге шақырылғандарды мерзімді әскери қызметке салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру міндеттелсін.

3. Аудандардағы және қалалардағы шақыру комиссияларына басшылық ету және олардың іс-қызметін бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы құрылсын /№ 1 қосымша/

4. Облыстық денсаулық басқармасы /Б. Исмаханбетов/:

- шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық шақыру пунктіне білікті маман дәрігерлер мен аяжандар қажетті санын, сондай-ақ аудандарға және Қызылорда қаласына жетіспейтін дәрігер-мамандарды бөлсін;
- аудандардағы және Қызылордадағы емдеу мекемелерінде шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін тереңдетілген дәрігерлік тексеру жүргізсін;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1995 жылғы № 61 бұйрығына сәйкес облыстық шақыру учаскесін дәрігерлік жабдықтармен және басқадай шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етсін.

5. Ішкі істер басқармасы мен темір жол ішкі істер бөлімі /Е.Демінов, А. Сқақов/ және олардың жергілікті жерлердегі органдары шақыру кезеңінде милиция наряды мен жылжымалы милиция пунктерін бөлсін, халықтың көп жиналған жерлерінде және шақырылғандарды тиеу мен тасымалдау кезінде, шығарып салушылар арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шара көрсін, міндетті әсукери қызметтен бас тартушыларды ісдестіруді жүргізсін.

6. Азаматтардың хал актісін тіркеу жөніндегі облыстық бөлімі /В. Сейітова/ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты-жөнінің және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді әскери комиссариаттарға 7 күн ішінде хабарласын.

7. Облыстық әділет басқармасы /Т. Сейітов/ әскери қызметке шақырылғандардың қылмыстық ісі сотта қаралғандары және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандарға қатысты заңды түрде күшіне енген сот үкімдері жөнінде 7 күн мерзім ішінде әскери комиссариаттарға хабарласын. Әскерге шақырылғандардың сотталғаны туралы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің қандай бабы және қай уақытта бас бостандығынан айырылғандығы көрсетілген сот шешімдерінің көшірмелері немесе анықтамаларды әскери комиссариаттарға жіберсін.

8. Ішкі істер басқармасына /Е. Демесінов/, МТК-ның Қызылорда облысы бойынша басқармасына /А. Әлібаев/ әскерге шақырылғандардың арасында анықтау мен алдын-ала тексеруде жүргендері туралы әскери комиссариаттарға уақытылы хабарлап тұру ұсынылсын.

9. «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ, Қызылорда жолаушылар тасымалдау паркі, темір жол бөлімшесі, КРЭК АҚ басшылары облыстық әскери комиссариаттарға әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге және кезекшілікке қажетті бөлу мәселесін қарасын.

10. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметшілердің, шақыруға байланысты атқарған қызметі кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.

11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрайымы Г. Алтынбековаға жүктелсін.