Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1971-1980 годов рождения осенью 1998 года

Өзге акт · № 599 · қабылданған 22.10.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1971-1980-1998/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1971-1980 годов рождения осенью 1998 года Күшін жойған 22.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1971-1980 годов рождения осенью 1998 года

Күшін жойған Өзге акт № 599 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1971-1980 годов рождения осенью 1998 года
Атауы (қаз.)
1998 жылғы күзде 1971-1980 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
599
Қабылданған күні
22.10.1998
Көрсетілген редакция
22.10.1998 1610_255378.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000105
ЭКБ идентификаторы
1610
Редакция идентификаторы
1610_255378
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1998 жылғы күзде 1971-1980 жылдары туған азаматтарды

мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 13 және 14 баптарына сәйкес және 1998 жылғы
күзде мерзiмдi әскери қызметке дер кезiнде шақыруды қамтамасыз ету
мақсатында
ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi шақыру комиссияларын құрсын,

олардың төрағалары етiп әкiм орынбасарларын тағайындасын. Шақыру
комиссияларының жұмысын және 1998 жылы мерзiмдi әскери қызметке шақыруға
жататын 1971-1980 жылдары туған барлық азаматтардың шақыру пункттерiне
ұйымшылдықпен келуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданылсын.

2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының жұмысына басшылық

және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Абайдiлдин Т.Ж. - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;
Мұқашев К.М. - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының
орынбасары;
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
Бақтыбаев Ж.Т. - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Андағұлов К.Б. - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының
орынбасары;
Кәкенов Х.А. - шақыру бөлiмi бастығының аға көмекшiсi, облыстық
әскери комиссариаттың дәрiгер-терапевтi, медициналық
комиссиясының төрағасы;
Петрова Т.А. - облыстық медицина бiрлестiгiнiң дәрiгер-фтизиатры,
медициналық комиссияның хатшысы.

3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, шаруашылық басшылары шақыруды

өткiзу үшiн жастардың ұйымшылдықпен келуі жөнiнде шаралар қолдансын.
әскеркомдар жабдықталған шақыру пункттерiмен қамтамасыз етiлсiн, қажеттi
мөлшерде қамтушы қызметкерлер мен көлiк бөлiнсiн.

4. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм департаментi шақыру кезiнде

шақырылушы жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелiк шараларды
ұйымдастыру мен өткiзуге белсендi қатыссын, облыстық жинау пунктiнен
командаларды ұйымдастырып, жiберу кезiнде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер
ардагерлерiмен, әскери қызметшiлермен кездесулер ұйымдастырсын.

5. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасы (Данияров Б.К.)

облыстық әскеркомның басшылығымен бiрге әскери-спорттық оқулар өткiзсiн,
әскери-патриоттық кино және бейнефильмдер көрсетсiн.

6. Облыстық сауда және қызмет көрсету департаментi (Шәкенов М.Ш.)

облыстық жинау пунктiнде шақыруды өткiзу кезеңiне асхананы қамтамасыз ету
мен жабдықтауға, шақырылушыларды үш мезгiл ыстық тағаммен қамтамасыз етуге
және олардың жүру жолдарына азық-түлiк өнiмдерiн сатуға байланысты
мәселелердi шешсiн.

7. Облыстық Мемсанэпидқадағалау басқармасы (Якупов В.С.) облыстық

жинау пунктiнiң үйiн дезинфекциялау мен санитарлық тазартуды қамтамасыз
етсiн.

8. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.), қалалық және

аудандық iшкi iстер бөлiмдерi шақырудан жалтақтаған шақырылушыларды
iздестiру мен шақыру пункттерiне жеткiзудi, әскери қызметке шақыру және
әскерлерге жiберу кезiнде шақыру пункттерiнде тәртiп сақтауды қамтамасыз
етсiн. Облыстық жинау пунктiнде тәулiк бойы милиция постын, ал жөнелту
кезiнде обләскеркомның тапсырысы бойынша "¤скемен" және "Защита"
стансаларында милицияның қосымша нарядтарын бөлудi ұйымдастырсын.
9. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi шақырылушыларды жеткiзудi
қамтамасыз етсiн: тұрғылықты жерлерiнен аудандық, қалалық әскеркомдарға
шақыру комиссиясына дейiн және қайта қайтуды; тұрғылықты жерден әскерлерге
жiберу үшiн облыстық жинау пунктiне дейiн.

10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Жiгiтаев Х.Т.) тұрақты

жұмыс iстейтiн облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзiмдi әскери
қызметке шақырылатын және әскери-оқу орындарына түсетiн азаматтарды
куәландыру сапасын бақылауға алсын. Қалалық және аудандық шақыру
комиссияларын дәрiгер мамандармен, орта дәрежелi медицина
қызметкерлерiмен, шақыру пункттерiн- қажеттi құрал-саймандармен,
медикаменттермен және медициналық мүлiкпен толықтыру жөнiнде шаралар
қолданылсын. Шақырылушыларды флюорографиялық, электр кардиологиялық және
басқа зерттеулердi қамтамасыз етсiн. Қалалар мен аудандардың емдеу
мекемелерiнде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшiн қажеттi
мөлшерде төсек бөлiнсiн. Шақыру кезiнде қажеттi зерттеушiлердi қабылдау,
шақырылушыларды зерттеу және емдеу қаражаттарды нақты пайдалану бойынша
аудандық және қалалық бюджеттер есебiнен жүргiзiлсiн.

11. Республикалық мемлекеттiк "Қазақстан темiржолы" кәсiпорнының

"Защита" бөлiмi (Кривобоков С.Л.) обләскеркомның тапсырысы бойынша
шақырылушыларды облыстық жинау пунктiнен "¤скемен" стансасынан "Защита"
стансасына және барудың ақырғы пунктiне дейiн жеткiзу үшiн маневрлiк
локомативпен және қажеттi мөлшерде вагондармен қамтамасыз етсiн. "¤скемен"
және "Защита" стансаларының билеттiк кассаларында шақырылушылар
командаларына билеттердi кезексiз алу қамтамасыз етiлсiн.

12. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi "Жалпыға бiрдей әскери мiндет

және әскери қызмет туралы" Заңның 35 бабына сәйкес шақыруға, дәрiгер
мамандарға орта буын медицина қызметкерлерiне ақы төлеуге, шақырылғандарды
әскери бөлiмдерге жiберуге обләскеркомдарды, облыстық жинау пунктiн
медикаменттермен, құрал-саймандармен, шаруашылық мүлкiмен, автомобиль
көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты
шараларды, сондай-ақ облыстық жинау пунктi үйiн, шақырылғандардың жеке
мүлiктерiн санитарлық тазалауға және оларды моншаға түсiруге, облыстық
жинау пунктiнде үш мезгiл ыстық тамақ берудi ұйымдастыруға байланысты
шығындарды 1998 жылға арналған бюджет қаражаттары есебiнен қаржыландыруды
жүргiзсiн.

13. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) облыстық әскеркомға

ағымдағы шаруашылық мақсаттар үшiн қажеттi медициналық құралдарды,
жабдықтар мен медикаменттердi, заттарды алуға, көлiк пен байланыс
қызметтерiне ақы төлеуге, iссапарлық шығындарға, кезекшi автокөлiктi
ұстауға, облыстық жинау пунктiнiң үйiн және оның тұрмыстық орындарын жай
жөндеуге 3500 мың теңге сомасында резервтiк қордан қаражаттар бөлсiн.

14. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары

Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.