Қолданыстағы ред. 11.04.2002 (Редакция 12198_291279.kaz)

1975-1984 жылдары туылған азаматтарды 2002 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 11.04.2002 г. № 496 (1975-1984 жылдары туылған азаматтарды 2002 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

1975-1984 жылдары туылған азаматтарды 2002 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 сәуірдегі № 844 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындау тұрғысында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы 1 қосымшаға сай бекітілсін.

2

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері тиісінше шақыру комиссияларын құрсын және мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3

3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:

1

1) әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілер құрамын бөлсін;

2

2) әскерге шақырылғандарды тұрғылықты жерлерінен аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға әкелуді және кері қайтаруды, сондай-ақ олардың әскери қызметке жөнелтілуіне байланысты облыстық жиын пунктіне жеткізілуін қамтамасыз етсін;

3

3) әскери комиссариаттарға шақыру кезеңінде кезекшілік ұйымдастыру үшін қажетті көлік бөлсін;

4

4) мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.

4

4. Облыстық мәдениет басқармасы (Ж.ЖОНТАЕВА) әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар үйірмелері мен творчестволық ұжымдардың концертін ұйымдастырсын. Шақыру кезеңінде облыстық жиын пунктінде әскери-патриоттық тақырыптардағы көркем суретті фильмдерді көрсетсін.

5

5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.ДӘУЛЕТБАЕВ):

1

1) шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын 2 қосымшаға сай, сондай-ақ аудандарға және Қызылорда қаласына жетіспейтін дәрігер - мамандарды бөлсін;

2

2) медициналық комиссияларды қажетті медикаменттермен, медициналық құралдармен, флюрографиялық пленкамен және ЭКГ-ның қағаздарымен қамтамасыз етсін;

3

3) аудандардағы және қызылорда қаласындағы емдеу- профилактикалық мекемелерінде шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын;

4

4) Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің 1995 жылғы № 61 бұйрығына сәйкес облыстық, аудандық, қалалық емдеу мекемелерінде шақырылғандардың ішіндегі ауруы барларын жатқызып емдеуге жатын койкалар санын бөлсін;

5

5) облыстық жиын пунктін залалсыздандыру дезинфекциялау және санитарлық өңдеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

6

6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.ДОСҚАЛИЕВ), теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.ЕСМАХАНОВ) және олардың жергілікті органдары:

1

1) шақыру кезеңінде полиция наряды мен жол полиция инспекторларының, патрульдік автокөліктің қажетті санын бөлсін, тұрғындардың көп жиналатын және әскерге шақырылғандарды тиеу мен тасымалдау кезінде шығарып салушылар арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шара көрсін;

2

2) міндетті әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін

7

7. Облыстық әділет басқармасы (А.ӘЛІБАЕВ) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты-жөнін және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді жеті күн мерзімде әскери комиссариаттарға хабарласын.

8

8. Облыстық прокуратураға (Қ.ТӨЛЕГЕНОВ) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.

9

9. «Автобус паркі» қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі (Н.НҰРЫМБЕТОВ) облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариатына әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге қажетті көлік бөлу мәселесін шешсін.

10

10. КРЭК акционерлік қоғамының қалалық электр жүйесі бөлімшесі (Ғ.ИБРАЕВ) облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариатына шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығының үзілмей беріліп тұрылуына жәрдем көрсетсін.

11

11. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.ӘЖІБЕКОВ) Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35 бабына сай әскери қызметке шақыруға байланысты бюджетте қаралған қаржымен уақытылы қаржыландырсын.

12

12. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметкерлердің шақыруға байланысты атқарған жұмысы кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.

13

13. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық әскери комиссариат (С.ТОҚМАНБЕТОВ), облыстық ішкі істер (Х.ДОСҚАЛИЕВ), әділет (А.ӘЛІБАЕВ), денсаулық сақтау (Д.ДӘУЛЕТБАЕВ) басқармалары, теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.ЕСМАХАНОВ) осы шешімді орындауда атқарылған жұмыстар жайлы 2002 жылдың 5 шілдесіне облыс әкіміне хабарласын.

14

14. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н.Ерімбетовке жүктелсін.

26

Облыс әкімінің
2002 жылғы 12 сәуірдегі
№ 496 шешіміне 1 қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Н. ЕРІМБЕТОВ - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
С. ТОҚМАНБЕТОВ - облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
М. ҚАНИЕВ - облыстық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы
Р. МҰХАМБЕТОВ - облыстық және қалалық әскери комиссариаттың 2-ші бөлім бастығы
С. ТҰҢҒЫШБАЕВ - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Г. ТӘШЕНОВА - облыстың бас терапевті
А. САНСЫЗБАЕВА - облыстық Диагностикалық орталықтың аяжаны
Облыс әкімінің
2002 жылғы 12 сәуірдегі
№ 496 шешіміне 2 қосымша
Облыстық шақыру пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссияның
ҚҰРАМЫ:
М.ҚАНИЕВ - комиссияның төрағасы
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ә.ӘБІШЕВ - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатры
В.СОРОКОЛЕТОВ - тері-жіңішке аурулар диспансерінің дәрігері
Е.БИСЕНОВ - облыстық медициналық орталығының ЛОР-дәрігері
Б.МАНТАЕВ - облыстық медициналық орталығының хирургі
А.САПАРОВ - облыстық медициналық орталығының травматологі
З.БЕРІКБОЛОВА - облыстық медициналық орталығының терапевті
Л.ШОМАНОВА - облыстық Диагностикалық орталығының кардиологі
И.САДЫҚОВ - облыстық медициналық орталығының көз-дәрігері
О.СМАХАНОВ - Казлепрозорийдің лепр-дәрігері
А.АХАНОВ - қалалық «Дента-люкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тіс дәрігері
Б.МАҚАШЕВ - облыстық наркодиспансердің наркологі
Ж.БОДЫҚОВ - облыстық өкпе аурулары диспансерінің фтизиатры
Р.БИСЕНБАЕВА - облыстық медициналық орталығының невропатологі
Ғ.АҚТАЕВА - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психологі
Г.ИБРАЕВА - облыстық Диагностикалық орталығының педиатры
М.ЕСЕНБЕКОВА - облыстық балалар ауруханасының кардиологі
П.МҰСАБАЕВА - облыстық балалар ауруханасының невропатологі