Қолданыстағы ред. 22.04.2005 (Редакция 23902_369374.kaz)

1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызетке шақыру туралы от 22.04.2005 г. № 4/7 (1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызетке шақыру туралы)

0

1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызетке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-ІІ Заңының 31,37 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 9000 Заңының 13,14 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №1551 барлығына сәйкес аудан бойынша 1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (№1 қосымша).

2

2. 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскерге шақыру мерзімінде жүргізілетін тәрбиелік мәне бар мәдени-көпшілік шаралар бекітілсін (№ 2 қосымша).

3

3. 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізуге қатысатын маман дәрігерлердің және медбибілердің құрамы бекітілсін (№ 3 қосымша).

4

4. Кенттер мен ауыл округтерінің әкімдеріне әскерге шақырылған азаматтарды медициналық медициналық сараптау участкесіне уақтылы және толықтай жеткізу міндеттелсін.

5

5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Болат Ахимбетов келісім бойынша), әскер қатарына шақырылушылар арасында әскери қызметті өтуден жалтарғандарды іздестіруді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсету және шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

6

6. Ауданының экономика және қаржы бөліміне (Ертай Жәнібеков) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды «Тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша бюджетке көздеген қаржылар шегінде қаржыландырылсын.

7

7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімне (Сұнғат Айтмағамбетов келісім бойынша) 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызметке шақырудың қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2005 жылдың 15 шілдесіне және 2005 жылдың 30 желтоқсанында дейін ұсыну сұралсын.

8

8. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 27 ақпандағы «1977-1986 жылдары туған азаматтарды 2004 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызметке шақыру туралы» № 2/20 қаулының күші жойылсын.

9

9. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 25 наурыздағы «1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті әскери қызметке шақыру туралы» № 3/10 қаулының күші жойылсын деп танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Тілеубергеновке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Б.Төлеукұлов
Қ.Тілеубергенов
М.Мұхтаров
Р.Мақсутов
Е.Жәнібеков
Б.Ахимбеков
М.Шакишев

1. Комиссия құрамы:

Аудан әкімиятының 2005 жылғы
22 сәуірдегі № 4/7
қаулысына № 1 қосымша
бекітілсін
Комиссия құрамы:
Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Айтмағанбетов Сұңғат Құнанбайұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, төраға орынбасары (келісім бойынша)
Бадан Бауыржан Амангельдіұлы – ауданының ішкі істер бойынша қоғамдық қауыпсыздық бөлімшесінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Абитаев Ерхан Сайлаубаевич – аудандық медициналық бірлестігінің дәрігер – хирург медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Базарбаева Алия Маратқызы – медбибі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

2. Мәдени – көпшілік шаралар

Аудан әкімиятының 2005 жылғы
22 сәуірдегі № 4/7
қаулысына № 2 қосымша
бекітілсін
Мәдени – көпшілік шаралар
Атқарылатын іс - шаралар
Өткізілетін мерзімі
Жауапты адамдар
Әскер қатарына шақырылушыларды медициналық куәлендіру кезінде тәртіптің сақталуы жөнінде тәрбие жұмыстарын жүргізу
9-дан 17-ге дейін күнделікті
Айдар Беспаев 2 – ші бөлімше бастығы
Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының кейбір Заңдары жөнінде әңгіме өткізу
10 – нан 10.50 – ге дейін
Асет Биғарашев – 2 ші бөлімше қызметкері
«Отанды қорғау» - Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әнгіме өткізу
11 – ден 11.50 – ге дейін
Сұнғат Айтмағамбетов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы
Қазақстан Республикасының Шет елдермен халықаралық қатыстары жөнінде әңгіме өткізу
12-ден 12.50 – ге дейін
Қайыржан Тілеубергенов – аудан әкімінің орынбасары
Түскі үзіліс
13 – тен 14 – ке дейін
Әскер қатарына шақырылған азаматтарды дәрігерлік куәләндіру, денсаулығын тексеру
14 – тен 16.50 – ге дейін
Дәрігерлер және комиссия мүшелері
Әскерге жарамды азаматтарға шақыру қағазын беру және түсініктеме беру
17 – ден 18 – ге дейін
Айдар Беспаев 2 – ші бөлімше бастығы
Әскерге жарамды азаматтармен жалпы жиын өткізу және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлермен, Ауғаныстан әскер борышын өтеген кездесу өткізу
мамыр қараша айлары
Қайыржан Тілеубергенов – аудан әкімінің орынбасары Сұңғат Айтмағамбетов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы

3. Маман дәрігерлердің және медбибілердің құрамы:

Аудан әкімиятының 2005 жылғы
22 сәуірдегі № 4/7
қаулысына № 3 қосымша
бекітілсін
Маман дәрігерлердің және медбибілердің құрамы:

Аты - жөні
Қызметі
1
Абитаев Ерхан Сайлаубаевич
Хирург – дәрігерлер комиссиясының төрағасы
2
Нұртаева Күлпан Нұртаевқызы
Жасөспірімдер дәрігері
3
Төлеукенова Алма Сәмбетқызы
Невропотолог
4
Әбілжанова Бақыт Қадырманқызы
Дерматолог
5
Абишева Меруерт Дүзелқызы
Дерматолог
6
Аймухамбетов Бахтыбай Бахитович
Рентгенолог
7
Жанабекова Сәуле Төлеубайқызы
Отолоринголог
8
Блялов Нуркен Пүшәнұлы
Стоматолог
9
Абишева Меруерт Дүзелқызы
Психиатр
10
Салимбаев Асембай Құсайнұлы
Окулист
11
Ахметова |Бақыт Кәртайқызы
Медбибі
12
Байтышева Қаншайым Қалиқызы
Медбибі
13
Тілеуберлина Гүлбахрам Төкішқызы
Медбибі
14
Омарова Көкеш Шәріпқызы
Медбибі
15
Базарбаева Әлия Маратқызы
Медбибі
16
Смайлова Шәрбат Құнандыққызы
Медбибі
17
Олжабаева Жанар Қабидолдақызы
Медбибі
Ағадыр аумағы
1
Бекишев Шамилбек Бекішұлы
Терапевт дәрігерлер комиссиясының төрағасы
2
Аженеева Айгүл Оразханқызы
Терапевт
3
Абильжанова Бақыт
Дерматолог
4
Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы
Невропотолог
5
Мұқашев Қайрат Хамитұлы
Отоларинголог
6
Танатаров Мырзагұл Жамағазиұлы
Стоматолог
7
Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы
Психиатр
8
Сергекбаева Бейбігүл Мұхаметқалиқы
Медбибі
9
Мұқышев Қайрат Хамитұлы
Рентгенолог
10
Салимбаев Асембай Құсайнұлы
Окулист
11
Бекмолдаева Бақыткүл Мықтыбайқызы
Медбибі
12
Каюпова Рысты Батталқызы
Медбибі
13
Акишева Раушан Батталқызы
Окулист
14
Омарова Гүльнара Майкенқызы
Медбибі