1979 - 1988 жылдары туған
азаматтарды 2006 жылдың
көктемгі - күзгі әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының « Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,44 бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасының жергілікті әкімшілік басқару туралы Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі
ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемгі - күзгі әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы от 13.03.2006 г. № 76 (1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемгі - күзгі әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы)
1. 1988 жылы туған, сонымен қатар шақыру жасынан асқан, шақырудан кейінге қалдыру уақыты өткен азаматтарды ұйымдасқан және жоспарланған түрде әскери міндет өтеуге шақырылуы үйымдастырылсын. Ол үшін:
1) Қарқаралы қаласы, Ленин көшесі, 22 үйінде Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылсын.
2) төменгі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын: Әбдіқашев Ержан Қайдарұлы - Қарқаралы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы,
майор, комиссия торағасы (келісім
бойынша).
Әлиұлы Сайлау - аудан әкімінің аппараты үйлестіру
бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Дюсетаев Саят Смағанбетұлы - аудандык ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары, полиция майоры
(келісім бойынша)
Абеуова Магира Райымбекқызы - дәрігер, медициналык комиссия
төрайымы (келісім бойынша).
Сланбекова Тұрсын Сланбекқызы - медбике, комиссияның хатшысы
(келісім бойынша).
3) аудандық шақыру комиссиясы өздерінің іс-қимыл жұмыстарында қатан түрде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 27, 28, 44 баптарын басшылыққа алсын;
2. Шақыру комиссияның төрағасы Е.К. Әбдіқашев: азаматтарды ескери міндетін өтеуге шақыруды ұйымдастырып, комиссия мүшелерінің толық қатысуын қамтамасыз етсін.
3. Ауырып калған, әлде басқадай себепті жағдайлармен комиссия мүшелері болмағанда төмендегідей алмастырушылармен алмастыру қажет: Көпжасаров Данияр Женісұлы - Қарқаралы ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша).
Абилов Болат Жазитұлы - аудан әкімінің аппараты үйлестіру бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Мусин Маурат Мәуленұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық
кауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Хамитова Сания Нұрмұхамбеткызы - дәрігер, медициналық комиссия
төрайымы (келісім бойынша).
Баймұқашева Гульмира - медбике, комиссия хатшысы (келісім
бойынша).
4. Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (майор Е.К. Әбдіқашев) шақыру комиссиясына азаматтарды шақыру сұралсын.
5. Аудандық медициналық бірлестігі (Жекеев С.Ж.) (келісім бойынша):
1) шақырушыларды куәләндіру үшін керекті құрамдағы дәрігер-мамандар және медбикелер бөлуі сұралсын.
- Мусин Елдос Тлетайұлы - хирург
- Хамитова Сәния Нұрмұхамедқызы - окулист
- Абуғалиева Майра Төкенқызы - дерматолог
- Аленова Зулкия Қожақметқызы - терапевт
- Битебаева Жанар Шабалқызы - невропатолог
- Хасенова Алмагуль Мерекеқызы - стоматолог
- Айтжанов Майра Мейірханқызы - психиатр
- Музафарова Қатира Орынбекқызы - отоларинголог
- Нұрмағанбетов Совет Нүрмағанбетұлы – фтизиатор
2) ауырып қалған, әлде басқадай себепті жағдайлармен дәрігер-мамандар болмағанда төмендегідей алмастырушылармен алмастыру сұралсын:
- Құспанов Жеңісқали Құспанұлы - хирург
- Джолдасбаева Бақытжан Хайроллақызы - терапевт
- Ләмбекова Алуа Сапарғалиқызы - стоматолог
3) дәрігерлік медициналық комиссияны керекті медикаменттермен, жабдықтармен, флюоро-пленкамен, электрокардиограммаға керекті қағаздармен қамтамасыз етуі сұралсын.
4) аудандық ауруханада ауыратын шақырушыларды тексеру және емдеу үшін керекті төсек-орынмен қамтамасыз етуі сұралсын.
5) қала, кент, селолық округ әкімдері, барлық мекеме басшылары шақыру комиссиясына уақытында шақырушыларды келуін камтамасыз етсін.
7. Іс сапардағы және кезекті еңбек демалысындағы шакырушыларды кері шакырып, Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуі ұйымдастырылсын:
1) шақырушылар шақыру кезінде, стационарлық тексеру, сонымен қатар амбулаториялық анализ тапсыру кезінде жұмыстан босату;
2) Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру кағазы бойынша әскери қызметке шақырушыларға жөнелтуден 7 күн бұрын толық есебі берілуі;
3) шақырушыларды әскери қызметке жөнелту салтанатты түрде өткізу ескерілсін.
8. Аудандық еңбек және әлеуметік бағдарламалар бөлімі (Жұманбаев Б.М.) шақыру кезінде шақыру комиссияның жұмысына 2 техникалық жұмыскер бөлінуі тапсырылсын.
9. Қарқаралы ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі (майор Е.Әбдікашевқа), аудандық қаржы бөлімі (Ахметжанов Б.Қ.) әскерге шақыру комиссиясынан өту үшін Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуден және әскер қатарына шақырудан бас тартқандарды іздестіріп және әскерге шақыру комиссиясына әскер қатарына шақырушыларды жеткізу үшін автокөліктерді қарастыру және оларды пайдаланған үшін қызметіне төлеу мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылсын.
10. Қала, кент және селолык округтердің әкімдері:
1) барлық шақырушыларға шақыру қағазын тапсырып және шақыру комиссиясына Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген күні келуі тапсырылсын;
2) тұратын жерінен бөліміне дейін және қайтуын (аудандық шақыру комиссиясына);
3) тұратын жерінен бөліміне дейін және қайтуын (облыстық шақыру комиссиясына);
4) тұратын жерінен бөліміне дейін әскерге жүру үшін;
5) шақырушыларды тасымалдау кезінде бақытсыздық жағдайларын болдармау шаралары қолданылсын;
6) селолық округтер әкімдері аппараттарының әскери есеп қызметкерлерімен бірлесіп шақырушыларды әскери комиссияға және әскерге жүретіндерді аудан орталығына дейін бірге әкелу жүктелсін.
11. Аудандық ішкі істер бөлімі (полковник Жаппаров С.Б.), (келісім бойынша) қоғамдық тәртіптік сақтау және ұйымдасқан түрде шақырылушылардың командасын жөнелту үшін, керекті шамада жол-патруль инспекторы мен мемлекеттік автокөлік инспекциясының патруль көліктерін, полиция нарядтарын бөлуі сұралсын.
12. Аудандық қаржы бөлімі (Ахметжанов Б.Қ.) керекті шамада кеңселік және шаруашылық тауарларын сатып алуға, шақырушыларды аудандық, облыстық медициналық комиссияларға және әскери міндетке жөнелту үшін, техникалық қызметкерлерге іс сапар шығындарын төлеу аудандық бюджеттің «Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті атқару шектеу іс шаралар» 0201122005 бағдарламасынан қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
13. Осы қаулының орындалысын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаевқа жүктелсін.
14. Осы Қаулы 2006 жылы азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданғаннан кейін күшіне енеді.
«Келісілді»
Қарқаралы аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Әбдіқашев Ержан Қайдарұлы
26 наурыз 2006 жыл
«Келісілді»
Қарқаралы аудандық медицина бірлестігінің
Директоры
Жекеев Серік Жекейұлы
10 наурыз 2006 жыл
«Келісілді»
Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің
Бастығы полиция полковнигі
Жаппаров Серікбай Баймендіұлы
10 наурыз 2006 жыл
«Келісілді»
Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
меңгерушісі
Жұманбаев Бейбіт Мақышұлы
10 наурыз 2006 жыл
«Келісілді»
Қарқаралы аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Ахметжанов Бекболат Қапайұлы
10 наурыз 2006 жыл