1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемгі - күзгі әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемгі - күзгі әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының « Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,44 бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасының жергілікті әкімшілік басқару туралы Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1988 жылы туған, сонымен қатар шақыру жасынан асқан, шақырудан кейінге қалдыру уақыты өткен азаматтарды ұйымдасқан және жоспарланған түрде әскери міндет өтеуге шақырылуы үйымдастырылсын. Ол үшін:
Тармақша 1
1) Қарқаралы қаласы, Ленин көшесі, 22 үйінде Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылсын.
Тармақша 2
2) төменгі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын: Әбдіқашев Ержан Қайдарұлы - Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор, комиссия торағасы (келісім бойынша). Әлиұлы Сайлау - аудан әкімінің аппараты үйлестіру бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Дюсетаев Саят Смағанбетұлы - аудандык ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша) Абеуова Магира Райымбекқызы - дәрігер, медициналык комиссия төрайымы (келісім бойынша). Сланбекова Тұрсын Сланбекқызы - медбике, комиссияның хатшысы (келісім бойынша).
Тармақша 3
3) аудандық шақыру комиссиясы өздерінің іс-қимыл жұмыстарында қатан түрде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 27, 28, 44 баптарын басшылыққа алсын;
Тармақ 2
2. Шақыру комиссияның төрағасы Е.К. Әбдіқашев: азаматтарды ескери міндетін өтеуге шақыруды ұйымдастырып, комиссия мүшелерінің толық қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ауырып калған, әлде басқадай себепті жағдайлармен комиссия мүшелері болмағанда төмендегідей алмастырушылармен алмастыру қажет: Көпжасаров Данияр Женісұлы - Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша). Абилов Болат Жазитұлы - аудан әкімінің аппараты үйлестіру бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Мусин Маурат Мәуленұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық кауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша); Хамитова Сания Нұрмұхамбеткызы - дәрігер, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша). Баймұқашева Гульмира - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (майор Е.К. Әбдіқашев) шақыру комиссиясына азаматтарды шақыру сұралсын.
Тармақ 5
5. Аудандық медициналық бірлестігі (Жекеев С.Ж.) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақырушыларды куәләндіру үшін керекті құрамдағы дәрігер-мамандар және медбикелер бөлуі сұралсын. - Мусин Елдос Тлетайұлы - хирург - Хамитова Сәния Нұрмұхамедқызы - окулист - Абуғалиева Майра Төкенқызы - дерматолог - Аленова Зулкия Қожақметқызы - терапевт - Битебаева Жанар Шабалқызы - невропатолог - Хасенова Алмагуль Мерекеқызы - стоматолог - Айтжанов Майра Мейірханқызы - психиатр - Музафарова Қатира Орынбекқызы - отоларинголог - Нұрмағанбетов Совет Нүрмағанбетұлы – фтизиатор
Тармақша 2
2) ауырып қалған, әлде басқадай себепті жағдайлармен дәрігер-мамандар болмағанда төмендегідей алмастырушылармен алмастыру сұралсын: - Құспанов Жеңісқали Құспанұлы - хирург - Джолдасбаева Бақытжан Хайроллақызы - терапевт - Ләмбекова Алуа Сапарғалиқызы - стоматолог
Тармақша 3
3) дәрігерлік медициналық комиссияны керекті медикаменттермен, жабдықтармен, флюоро-пленкамен, электрокардиограммаға керекті қағаздармен қамтамасыз етуі сұралсын.
Тармақша 4
4) аудандық ауруханада ауыратын шақырушыларды тексеру және емдеу үшін керекті төсек-орынмен қамтамасыз етуі сұралсын.
Тармақша 5
5) қала, кент, селолық округ әкімдері, барлық мекеме басшылары шақыру комиссиясына уақытында шақырушыларды келуін камтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Іс сапардағы және кезекті еңбек демалысындағы шакырушыларды кері шакырып, Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуі ұйымдастырылсын:
Тармақша 1
1) шақырушылар шақыру кезінде, стационарлық тексеру, сонымен қатар амбулаториялық анализ тапсыру кезінде жұмыстан босату;
Тармақша 2
2) Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру кағазы бойынша әскери қызметке шақырушыларға жөнелтуден 7 күн бұрын толық есебі берілуі;
Тармақша 3
3) шақырушыларды әскери қызметке жөнелту салтанатты түрде өткізу ескерілсін.
Тармақ 8
8. Аудандық еңбек және әлеуметік бағдарламалар бөлімі (Жұманбаев Б.М.) шақыру кезінде шақыру комиссияның жұмысына 2 техникалық жұмыскер бөлінуі тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Қарқаралы ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі (майор Е.Әбдікашевқа), аудандық қаржы бөлімі (Ахметжанов Б.Қ.) әскерге шақыру комиссиясынан өту үшін Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуден және әскер қатарына шақырудан бас тартқандарды іздестіріп және әскерге шақыру комиссиясына әскер қатарына шақырушыларды жеткізу үшін автокөліктерді қарастыру және оларды пайдаланған үшін қызметіне төлеу мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Қала, кент және селолык округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) барлық шақырушыларға шақыру қағазын тапсырып және шақыру комиссиясына Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген күні келуі тапсырылсын;
Тармақша 2
2) тұратын жерінен бөліміне дейін және қайтуын (аудандық шақыру комиссиясына);
Тармақша 3
3) тұратын жерінен бөліміне дейін және қайтуын (облыстық шақыру комиссиясына);
Тармақша 4
4) тұратын жерінен бөліміне дейін әскерге жүру үшін;
Тармақша 5
5) шақырушыларды тасымалдау кезінде бақытсыздық жағдайларын болдармау шаралары қолданылсын;
Тармақша 6
6) селолық округтер әкімдері аппараттарының әскери есеп қызметкерлерімен бірлесіп шақырушыларды әскери комиссияға және әскерге жүретіндерді аудан орталығына дейін бірге әкелу жүктелсін.
Тармақ 11
11. Аудандық ішкі істер бөлімі (полковник Жаппаров С.Б.), (келісім бойынша) қоғамдық тәртіптік сақтау және ұйымдасқан түрде шақырылушылардың командасын жөнелту үшін, керекті шамада жол-патруль инспекторы мен мемлекеттік автокөлік инспекциясының патруль көліктерін, полиция нарядтарын бөлуі сұралсын.
Тармақ 12
12. Аудандық қаржы бөлімі (Ахметжанов Б.Қ.) керекті шамада кеңселік және шаруашылық тауарларын сатып алуға, шақырушыларды аудандық, облыстық медициналық комиссияларға және әскери міндетке жөнелту үшін, техникалық қызметкерлерге іс сапар шығындарын төлеу аудандық бюджеттің «Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті атқару шектеу іс шаралар» 0201122005 бағдарламасынан қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалысын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаевқа жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы Қаулы 2006 жылы азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданғаннан кейін күшіне енеді. «Келісілді» Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Әбдіқашев Ержан Қайдарұлы 26 наурыз 2006 жыл «Келісілді» Қарқаралы аудандық медицина бірлестігінің Директоры Жекеев Серік Жекейұлы 10 наурыз 2006 жыл «Келісілді» Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің Бастығы полиция полковнигі Жаппаров Серікбай Баймендіұлы 10 наурыз 2006 жыл «Келісілді» Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Жұманбаев Бейбіт Мақышұлы 10 наурыз 2006 жыл «Келісілді» Қарқаралы аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Ахметжанов Бекболат Қапайұлы 10 наурыз 2006 жыл