Қолданыстағы ред. 03.04.2006 (Редакция 27666_249080.kaz)

1979-1988 жылдары туған азаматтарды міндетті әскери қызметке кезекті шақыруды 2006 жылдың сәуір-маусым айларында ұйымдастыру туралы от 03.04.2006 г. № 214 (1979-1988 жылдары туған азаматтарды міндетті әскери қызметке кезекті шақыруды 2006 жылдың сәуір-маусым айларында ұйымдастыру туралы)

0

1979-1988 жылдары туған азаматтарды міндетті әскери қызметке кезекті шақыруды 2006 жылдың сәуір-маусым айларында ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери мамандарды даярлау және қамтамасыз ету мақсатында «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы № 148—11 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес Үржар ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Үржар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Шаханов Шамғали Нұрғалиұлы) /келісімі бойынша/ әскери міндетін өтеу мерзімін шегеру құқығынан айрылған және 1979- 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы сәуір-маусым айларында міндетті әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.

2

2. Шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын:
Шаханов Шамгали Нұрғалиұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
комиссия төрағасы, /келісімі бойынша/;
Жанкүшікова Рысқан Жағыпарқызы - аудан Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Құлмұхаметов Болат Ихсанұлы - полиция капитаны, аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары /келісімі бойынша/;
Ченемисова Насима Орынтайқызы - аудандық аурухана дэрігері, медициналық комиссияның төрайымы /келісімі бойынша/;
Шаихова Нұршат Құдайбергенқызы - аудандық аурухана медбикесі, әскерге шақыру жөніндегі комиссиясының хатшысы /келісімі бойынша/;

3

3. Шақыру комиссиясының мүшелері шақыру комиссиясының жұмысы мерзімінде өздерінің қызметтік міндеттерін аткарудан босатылады. Шакыру комиссиясының төрағасы (майор Шаханов Шамғали Нұрғалиұлы) /келісімі бойынша/ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңы бойынша шақыруды үйымдастыруды және орындалуын қамтамасыз етсін. Шақыру комиссиясы тек толық құрамда жұмыс атқарсын. Шақыру комиссиясының жұмысы 2006 жылдың 1 сәуірінен басталсын.

4

4. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Департаментінің Үржар ауданы бойынша бөлімі (Мадрахимов Бейсенғазы Абылайұлы) /келісімі бойынша/ Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының негізінде өзінің бұйрығымен:

1

1) Шақыру комиссиясының құрамына тәжірибелі дәрігер мамандарды бөлсін: терапевт, хирург, отоларинголог, көз дәрігері, неврапотолог, психиатр, тіс дәрігері, дерматовенеролог, 4 адамнан тұратын орта буынды медициналық персонал;

2

2) Анализдердің тапсырылуы ұйымдастырылсын: қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализі, кеуде клеткасының флюрографиясы, РВ-ға канның анализі, қан группасы, омыртқалар мен табандарының рентген суреттері, ЭКГ, барлығы Үржар аудандық ауруханасының негізінде. Шақыру комиссиясының жолдамасымен келген эскер қатарына шақырылғандарды тұрақты қосымша қарауға 10 төсек бөлсін.

3

3) Қорғаныс істері жөніндегі бөлім сұранысы бойынша шақыру комиссиясын қажетті медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;

4

4) Шақыру комиссиясы берген емделуді қажет ететін эскерге шақырушыны аудандық ауруханаға бекітіп, келесі шақыруга дейін емделуін қамтамасыз етсін.

5

5. Меншіктің барлық түріндегі мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары:

1

1) әскерге шақырушыларды іссапардан, еңбек демалысынан, алыстағы қыстақтардан шақыру комиссиясы байқауынан өту үшін аудандық қорганыс істері жөніндегі бөлімге келуін қамтамасыз етсін;

2

2) әскерге шақырушылар шақыру комиссиясынан өту мерзімінде медициналық тексеру және тұрақты емделу үшін жұмыстан босатылсын;

3

3) әскерге аттануға 7 күн қалғанда әскерге шақырушылармен толықтай есеп айырыссын, оларды салтанатты түрде шығарып салу мен қөрғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді ұйымдастырсын.
Әскерге шақыру ісін қамтамасыз етуге қамтылатын адамдардың негізгі жұмыс орны, атқаратын қызметі сақталынып, орташа еңбекақысы төленеді.

6

6. «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына сәйкес ауылдық округ әкімдеріне:

1

1) әрбір әскерге шақырушылардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2

2) селолық округ территориясында қөрғаныс істері жөніндегі бөлімнің бұйрықтарын ілуді ұйымдастырсын;

3

3) әскерге шақырушыларды жеткізуге ілеспе адамдарды бөліп, оларды шақыру комиссиясына жеткізуге көлікпен қамтамасыз етіп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жоспары бойынша жеткізсін;

4

4) № 2 ескертпеде көрсетілгендей әскерге шақырушылардың құжаттарын түгендеп, тексерсін.
Тәрбие және жаппай-қорганыс жұмыстарын әскери шақыру учаскесінде өткізу үшін насихат пункті ұйымдастырылсын, насихат пунктінің бастығы болып М.Горький атындагы мектебінің ұйымдастырушы-мұгалімі Зуев Николай Иванович /келісімі бойынша/, Крупский атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы-мұғалімі Серікбаев Бақыт Кәкімсейітұлы /келісімі бойынша/, Абай атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы-муғалімі Байдүсенов Мұқтар Ғапсеметұлы /келісімі бойынша/, Жансүгіров атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы-мұғалімі Тойшыбеков Талжан Сүлейменұлы /келісімі бойынша/, Тұрлыханов атындагы орта мектебінің ұйымдастырушы-мұғалімі Сағатов Талғат Жүрсінұлы /келісімі бойынша/ тагайындалсын.

7

7. Аудандык қорғаныс істері жөніндегі бөлім (майор Шаханов Шамғали Нұрғалиұлы) /келісімі бойынша/ әскерге шақырылғандарды ауылдық округтерден аудандық медициналық шақыру комиссиясына жеткізуге екі резервтік автобус белгілесін. Үржардан Өскемен қаласына шақыру пунктіне жеткізуге, әскер қатарына жарамсыз деп танылғандарды Үржардан Өскеменге жеткізуге және алып қайтуға жеке меншік автобустардың иелерімен келісім-шарт жасасын, осы мақсатта екі резервтік автобус белгілесін.

8

8. Аудандык ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (полиция капитаны Құлмұхаметов Болат Ихсанұлы) /келісімі бойынша/:

1

1) Бұрын сотталған, бас еркінен айыру орындарында болған, сотпен тергеуде жүрген эскерге шақырушылар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлап, олардың тізімін берсін;

2

2) Шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция жасағын бөлсін;

3

3) Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан бас тартқандарга іздеу салсын.

9

9. Аудандық қаржы бөлімі (Абылхаиров Алмас Бақытжанұлы) әскерге шақыруды өткізуге және әскерге шақырылушыларды тасымалдауга, медициналық куәландыруды жергілікті бюджет есебінен қаржыландырсын.

10

10. 2006 жылғы көктемгі шақыру кезіндегі 2-15-35 телефоны қалааралық байланысының
өтемақысы жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.

11

11. Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұранысы бойынша көктемгі әскерге шақыру мерзіміне эскерге шақырылушылардың жеке істерін зерттеу және рәсімдеу үшін 5 техникалық жұмысшы бөлінсін.

12

12. Аудандық электр желілері мекемесі (Күзеубаев Айшынғыс Мүтейұлы) шығарып салу кезінде жаппай тәртіпсіздік пен қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында электр энергиясын беруді шектеу кестесін әскерге шақырылушыларды шығарып салу кестесімен үйлестіріп жасасын.

13

13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Жанкүшікова Рысқан Жағыпарқызына жүктелсін .