Көкпекті ауданы бойынша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабының 1-тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 8 шілде 2005 жылғы № 74 Заңының 19, 20 баптарына сәйкес 2009 жылғы көктемде (сәуір және маусым айларында) және күзде (қазан және желтоқсан айларында) әскери қызметке азаматтарды дер кезінде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Көкпекті ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көкпекті ауданы бойынша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 12.04.2006 г. № 1383 (Көкпекті ауданы бойынша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Б:Х: Хайретдинов) аудан азаматтарын әскери қызметке уақытылы шақырылуы және жөнелтілуі, осы уақытқа шақыру комиссияның жұмысы ұйымдастырылсын.
2. Төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын
1) Бауыржан Халхаманұлы Хайретденов-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
2) Алмат Асанұлы Хұдайбергенов-құрылыс бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
1) Рысбек саденұлы Смаилов-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
2) Бақыт Бақиқызы Дүйсенбаева-аудандық орталық аурухананың дәрігер-терапевті;
3) Сәуле Кеңесханқызы Смаилова-адандық шақыру комиссиясының хатшысы;
3. Самар селосындағы аудандық орталық ауруханасы (С.Ф. Күдербаев) Көкпект аудандық № 1 ауруханасы (Қ.Т. толықбаев):
1) Әскерге шақырылатындарды медициналық тексеруден өткізу үшін Көкпекті және Самар селоларындағы емханалардан қажетті құралдары мен жабдықтары бар кабинеттер бөлінсін.
2) Әскери-дәрігерлік комиссиясының тексеруден өткізу үшін келесі дәрігерлер бөлінсін: терапевт, хирург, психиатор, нервопотолог, рентгинолог, дермотолог, көз ауру дәрігері, тіс дәрігері, фтизиатр, отоларинголог және кіші медициналық қызметкер.
3) Шақыруды сапалы өткізу, әскерге шақырушылардың әскери-дәрігерлік комиссиядан кейінгі денсаулығының өзгерістеріне және шақырушыларға қосымша медициналық тексеріс жасау үшін жасөспірімдер дәрігерлеріне 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында қосымша жұмыс сағаттарын бөлу көзделсін.
4. Селолық округ әкімдері, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары әскери-дәрігерлік комиссиядан өту және шақыру қағазында көрсетілген мерзімге сәйкес әскерге келуін қамтамасыз ету үшін 1979-1988 дылдары туған бозбалалардың ұйымдасқан түрде келуі бойынша шаралар қабылдансын, азаматтарды әскери қызметке салтанатты жағдайда шығарып салу ұймдастырылсын.
5. Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімімен (С.А. Құрымбаев):
1) Аудандық әскери-дәрігерлік комиссиядан өту мен әскери қызметке жіберуден жалтарып жүрген шақырушыларға іздеу салу мен шақыру пунктеріне жеткізу;
2) Әскери қызметке шақыру және әскерге жіберу кезінде шақыру пунктерінде қоғамдық тәртіпті ұстау іс шара қамтамасыз етілсін.
6. Аудандық қаржы бөлімі (З.Ш. Ахмерова) 2006 жылдың аудан бюджетінде белгіленген мөлшерінде қаржыландырылсыне.
7. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 7 сәуірдегі «Көкпекті ауданы бойынша 1978-1987 жылы туған азаматтарды медециналық байқаудан өткізу.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Беспаевқа жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы:
Б.Х.Хайретденов
12 сәуір 2006 жыл
Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы: С.А. Құрымбаев
12 сәуір 2006 жыл
Көкпекті аудандық № 1
ауруханасының бас дәрігері:
Қ.Т. Толықбаев
12 сәуір 2006 жыл
Аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері:
С.Ф. Күдербаев
12 сәуір 2006 жыл