1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 шілдедегі №74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 4 тарауының 19 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 31 бабының 8 тармағына сай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы от 24.02.2006 г. № 63 (1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы)
1. Аудан бойынша 2006 жылы шақыру жасы 18-ге толған, сондай-ақ шақырудан қалдыру мерзімі өткен 1979-1988 жылдары туған азаматтарды көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру және уақытында облыстық әскери комиссариатқа жеткізу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (А.Қожанғалиев) жүктелсін.
2. Аудан бойынша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылы көктемгі және күзгі қызметіне кезекті шақыру туралы комиссия құрамы №1 жалғамаға сәйкес бекітілсін.
3. Әскери шақыру кезеңінде дәрігерлік сараптау комиссиясы мүшелерінің еңбек ақыларын сақтай отырып негізгі жұмыстарынан босату, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде болуын қадағалау, қажетті құрал-жабдықтарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, флюрография, ЭКГ, тағы да басқа жұмыстардың сапалы өткізілуін, емдеуге жіберілген шақырушыларды емдеуді ұйымдастыру, емханада арнайы төсек орын бөлу аудандық аумақтық медицина бірлестігіне (Б.Хамидуллин) жүктелсін.
4. Әскерге шақырушыларды тізім бойынша уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелу, тасымал кезінде техника қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
5. Аудандық әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, себепсіз келмегендерді, әскери міндеттен жалтарып жүргендерді іздестіру және тұрағын анықтап аудандық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелу, заңға сәйкесті шарасын алу аудандық ішкі істер бөліміне (А.Үбішев) тапсырылсын.
6. Әскери қызметке шақыру кезінде іс-қағаз тасуға ақылы қоғамдық қызметіне екі адам бөлу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М.Ермеғали) жүктелсін.
7. Аудандық қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) әскерге шақырылғандарды аудан және облыс орталығына жеткізу үшін жанар-жағар майға қаржы бөлу тапсырылсын.
8. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
24.02.2006 жылғы
№ 63 қаулысымен
бекітілген
№ 1 жалғама
1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылы көктемгі және күзгі әскери қызметіне кезекті шақыру туралы комиссиясының құрамы
Қожанғалиев Абай Ізімғалиұлы – аудандық әскери комиссар, комиссия төрағасы
Қарашолақова Болған – медбике, комиссия хатшысы
Амангельдина Гүлжан Игилқызы – жасөспірімдер дәрігері
Әйіпов Руслан Қадырболатұлы – дәрігер-хирург
Нысанов Есенжан Мұхамедиярұлы – лор дәрігері
Елеусинова Венера Жаукенқызы – көз дәрігері
Сүйеуғалиева Бақытсұлу Орынбасарқызы – тіс дәрігері
Есполсинова Аққу Оңғарқызы – дәрігер-дерматолог
Үмбетова Света Төлегенқызы –дәрігер-невропатолог
Мұхамедова Айгүл – медбике
Оразбаева Шара - медбике