"Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
Қазақстан Республикасының «Әскери мінеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағын, 20 бабының 1 тармағын және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Републикасы Президентінің 2006 жылғы 18 cәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезінде мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 96 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Ескелді ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыру орнын ұйымдастыру мына мекен-жайда жүргізіледі: Қарабұлақ кенті, құрылысшылар ккөшесі 13 үй, аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі.
2. Әскерге шақыру комиссиясының құрамы төмендегідей құрылсын:
1)Тоқпаев Жанатай Мұқашұлы-комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы, подполковник;
2)Тұлақбаев Толымбет Омарқұлұлы- комиссия төрағасының орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі жұмыстар бойынша бас маман;
комиссия мүшелері:
3)Бейсебеков Ғабит Үрімұлы-аудандық ішкі icтep бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі;
4)Зонов Сергей Федорович-аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы;
5)Боранбекова Сара-комиссия хатшысы;
"Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" от 30.05.2006 г. № 129 ("Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы")
3. Ескелді аудандық орталық ауруханасы (Албаков И.Н.) қажетті мөлшерде әскерге шақыру комиссиясына азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында білікті дәрігер мамандар және орта буындағы медициналық қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етісін.
4. Кент және ауылдық, округ әкімдері әскерге шақырушыларға шақыру қағазын табыс етіп, олардың міндетті түрде аудандық қорғаныс icтepi бөліміне келуін, оларды дер кезінде шақыру пунктіне (орнына) жеткізуді қамтамасыз етеді.
5. Аудан Әкімдігінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына кезекті мерзiмдi әскери қызметке 2006 жылғы cәyip-маусымында және қазан-желтоқсанында 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды шақыру туралы ” № 98 қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлібаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейінн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.