Қолданыстағы ред. 05.06.2006 (Редакция 28737_200978.kaz)

Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 05.06.2006 г. № 342 (Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары
туылған азаматтарын 2006 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі мерзімді әскери қызметшілерді запаска шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын .

2

2. Селолық, поселкелік округтердің әкімдері өз құзыреті шегінде Жамбыл аудандық Қорганыс істері жөніндегі бөліміне 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуде көмек көрсетсін.

3

3. Аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (А.Д. Келгенбаев):

1

1) аудандық шақыру комиссиясын білікті дәрігер-мамандармен және орта буын медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;

2

2)әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес шақырушыларды уақытылы дәрігерлік іріктеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

3

3)шақырушыларды адамның иммунды тапшылық вирусына тексеруді және басқа да қажетті тексерулерді қамтамасыз етсін;

4

4. Аудандық дене шыныктыру және спорт бөлімі (Б.Б.Момынқұлов) әскер жасындагы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттык тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын, орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылап, тексерулер ұйымдастырсын.

5

5. Аудандық қаржы бөлімі (Д.М.Сансызбаев) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыруға байланысты жұмыстарын қаржылай қамтамасыз етуді жүргізсін.

6

6. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Е.Б.Балгымбаев) осы қаулының орындалу барысы туралы көктемгі шақыру бойынша 2006 жылгы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2007 жылдың 20 қаңтарына дейін аудан әкімін хабардар етсін.

7

7. Аудандык ішкі істер бөлімі (С.М. Күдебаев) әскери міндеттерін орындаудан жалтарғандарды іздестіруді және үстауды ұйымдастырсын.

8

8. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2005 жылгы 5 қазандағы № 671 (нормативтік құқықтык актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 21 казанда тіркелген. Тіркеу № 2-7-9, 2005 жылғы қарашадағы № 47 (5255) "Атамекен" газетінде ресми жарияланган) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы"
каулысының күші жойылсын.

9

9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұмабек Тоқаұлы Чажабаевқа жүктелсін.

10

10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланган күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

14

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы "05" маусымдағы № 342 "Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоксанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы" қаулысына қосымша
Жамбыл ауданы шақыру комиссиясының құрамы
Балғымбаев Едіге Байзақұлы - Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Даутқұлов Жұман Сатыбалдыұлы - Аудан әкімі аппаратының азаматтық
қорғаныс және төтенше жагдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Смағұлов Қалижан Сматайұлы- Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Кольнова Людмила Александровна- ага дәрігер, медициналық комиссия төрайымы
Матыбаева Бағила - комиссия хатшысьқ мейірбике
Медициналық комиссияның кұрамы:
Оралов Серікбай Ашықбекұлы-
аудандық аурухананың хирург - дәрігері
Байшуақова Сұлушаш Қалибайқызы-
аудандық аурухананың терапевт - дәрігері
Ағзамова Майя Қангерейқызы-
аудандық аурухананың көз дәрігері
Келтиманова Бибігүл Жақыпбекқызы-
аудандык аурухананың лор - дәрігері
Әбдіғапарова Қарлығаш Әбдімолдақызы-
аудандық аурухананың психиатр - дәрігері
Кәрімов Абрек Ерулаұлы-
аудандық аурухананың дерматовенеролог - дәрігері
Жолжанов Мейрам Әшімұлы-
аудандык аурухананың фтизиатр - дәрігері
Қадыров Оспаналы-
аудандық аурухананың тіс дәрігері
Арзабаева Бақыт Самарқанқызы-
аудандық аурухананың невропатолог- дәрігері
Қазиева Құралай Молдағалиқызы-
аудандық аурухананың антропометристі

15

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы
"05" маусымдағы № 342 "Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоксанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы" қаулысына
келісу
Келісу нәтижелері: