1979-1988 жылдары туған азаматтарды
2006 жылдың көктемінде және күзінде
мерзімді шұғыл әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңынын 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасы, сондай-ақ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18,19,20,21,44 баптарынның негізінде және Заңына сәйкес « Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 07.06.2006 г. № 399 (1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Зайсан ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Н.Н.Тұнғатаров) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды 2006 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырсын.
2. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінен (3. Калибеков) сұралсын:
1) медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық қорғаныс істері бөлімінде әскери -дәрігерлік комиссия құруға қажетті мөлшерде маман- дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін бөлу;
2) тұрақты емделу, емдеу-сауықтыру мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3) шақыру кезінде тісін емдеуді қажет ететіндердің ауыз қуысын қосымша емдеуден өткізуді қамтамасыз ету;
4) әскери -дәрігерлік комиссиясын шыққан бұйрығымен 2005 жылдың 1 қыркүйегінен қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде медициналық куәландырудан өткізу туралы Ережеге» және «Қазакстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери -дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық министірінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің 2005 жылдың 4 наурызындағы №100 бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
5) әскери қызметке шақыру жүргізіліп, емделуге мұқтаж
шақырылушылардың тізімі тапсырылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелерінебекітсін және келесі шақыруға дейін емделулерін қамтамасыз ету.
3. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
Тұнғатаров Нұрмахан Нұрғазыұлы
- аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (өз келісімімен)
Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы
- Зайсан ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрағасының орынбасары
Тауасарова Гүлмира Әнуарбеккызы
Комиссия мүшелері:
- аудандық аурухананың жасөпірім - дер дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (өз келісімімен)
Молдаханов Серік Дәлелұлы
- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (өз келісімімен)
Бегімжанова Гүлия Төлеуханқызы
- аудандық аурухана медбикесі комиссия хатшысы (өз келісімімен)
4. Ауылдық округтер әкімдеріне міндеттелсін:
1) іссапарда, демалыста жүрген барлық әскерге шақырылушыларды кері шақыртып, шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылушыларға шақыру учаскесіне келу туралы дербес шақыру қағаздарын табыс етсін;
3) әскерге шақырылушыларды шақыру пунктіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлсін және оларды тасымалдауда жазатайым оқиғалардан сақтаудың барлық шараларын сақтасын;
4) әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуді
салтанатты жағдайда жүргізсін.
5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (З.Мұхаметкариева) әскерге шақыру
кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға
және өткізуге белсенді қатыссын.
6. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөліміне:
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің азаматтарды
әскерге шақыру іс-шараларының жұмыстарына байланысты іссапар, әскери
қызмет қатарына шақырушыларды аттанар алдында салтанатты шығарып
салу кездерінде сыйлықтар тапсыру және шаралар ұйымдастыру;
2) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жалға алған
ғимаратының ағымдық жөндеу жұмыстары және жалға төлеу
ақысы;
3) әскерге шақыру шараларын өткізу уақытында қосымша жанар-жағар
май бөлінуі; канцелярлық заттар шығындары;
4) әскерге шақыруніыларды дәрігерлік тексеруге және емдеуге
жұмсалған шығындар;
5) әскери -дәрігерлік комииссияға, әскерге аттану уақытында
жабдықталған көлікпен қамтамасыз ету келісімшартпен, әскерге
шакырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық
қызметкерлерді келісімшартпен жұмысқа қабылдау және жылу беру мерзімі
уақытында от жағушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің
(Н.Тұнғатаров) тапсырысымен келісімшарт бойынша қабылдау аудан
бюджетінде қаралған қаржы есебінен бөлінсін.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (С.Жұмағұлов) әскерге шақырылудан
жалтарып жүргендерді іздестіруді қамтамасыз етіп, қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жеткізу, сондай-ақ әскерге
шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде
қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету сұралсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
9. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы «1978-1987 жылдары туған
азаматтарды 2005 жылдың күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы» № 3 қаулысының
күші жойылсын.