1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 28.02.2006 г. № 69 (1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Әскер қатарына шақырылу кезінен кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру 2006 жылдың сәуір - маусым айларында және қазан - желтоқсан айларында өткізілсін.
2. 1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында:
1) аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (№1 қосымша);
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі №2 және №3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
3. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігіне (Қалибеков Т.А.) келісім бойынша 2006 жылдың 1 сәуірінен 30 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсан аралығында аудандық ауруханада шақырылған азаматтарды флюрографиялық тексеруден дәрігерлік куәландыру өткізу және шақыру кезінде емдеу мекемесінен стационарлық тексеру мен емдеуге орын бөлу ұсынылсын.
4. Шақырылу бөліміндегі жұмысты атқару үшін ақылы қоғамдық жұмысқа аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Мүсалимова) 2 адам бөлсін.
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Зиналиев Б.Ғ.) келісім бойынша әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Селолық округ әкімдері әскерге шақырылған азаматтарды бекітілген кестелерге сәйкес шақыру бөліміне жеткізілуін қамтамасыз етсін және іссапарда, демалыста жүрген әскер қатарына алынушыларды шақыртсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Тасқала аудандық әкімиятының
2006 жылғы 28 ақпандағы
№ 69 қаулысымен бекітілді
№1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Жұбанышқалиев Абат Әсетұлы - аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Шынбаев Қанатғали Қажыбайұлы - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Құсаиынов Әлібек Жақымұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы - аумақтық медициналық бірлестігі директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Кравченко Александр Васильевич - аудандық білім бөлімінің әдіскері;
Ажкенов Манарбек Малкенжарович - “Намыс” жастар қоғам бірлестігі басшысы орынбасары (келісім бойынша)
Айтжанова Нұрсұлу - медбике, комиссия хатшысы;
Аудандық әкімияттың
28 ақпандағы 2006 жылғы
№69 қаулысымен бекітілді.
№ 2 қосымша
1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын сәуір айларында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
№
Селолық округтердің
атаулары
саны
сәуір
3-4
5-6
7-8
10-11
12-13
14-15
1
Амангелды
16
16
2
Ақтау
23
23
3
Достық
17
17
4
Қазақстан
25
25
5
Тасқала
95
25
40
30
6
Қосшы
19
19
7
Мереке
10
10
8
Мерей
31
31
9
Шежін
19
19
барлығы
255
50
49
42
44
40
30
Аудандық әкімияттың
28 ақпан 2006 жылғы
№ 69 қаулысымен бекітілді.
№3 қосымша
1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын қазан айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
№
Селолық округтердің
атаулары
саны
сәуір
2-3
4-5
6-7
9-10
11-12
13-14
16-17
18-19
1
Амангелды
24
24
2
Ақтау
21
21
3
Достық
16
16
4
Қазақстан
33
33
5
Тасқала
141
46
46
49
6
Қосшы
22
22
7
Мереке
13
13
8
Мерей
26
26
9
Шежін
25
25
барлығы
321
45
49
48
38
46
46
49