1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскер қатарына шақырылу кезінен кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру 2006 жылдың сәуір - маусым айларында және қазан - желтоқсан айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. 1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (№1 қосымша);
Тармақша 2
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі №2 және №3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігіне (Қалибеков Т.А.) келісім бойынша 2006 жылдың 1 сәуірінен 30 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсан аралығында аудандық ауруханада шақырылған азаматтарды флюрографиялық тексеруден дәрігерлік куәландыру өткізу және шақыру кезінде емдеу мекемесінен стационарлық тексеру мен емдеуге орын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Шақырылу бөліміндегі жұмысты атқару үшін ақылы қоғамдық жұмысқа аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Мүсалимова) 2 адам бөлсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Зиналиев Б.Ғ.) келісім бойынша әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдері әскерге шақырылған азаматтарды бекітілген кестелерге сәйкес шақыру бөліміне жеткізілуін қамтамасыз етсін және іссапарда, демалыста жүрген әскер қатарына алынушыларды шақыртсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Басқа 10. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Тасқала аудандық әкімиятының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 69 қаулысымен бекітілді №1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы: Жұбанышқалиев Абат Әсетұлы - аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Шынбаев Қанатғали Қажыбайұлы - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Құсаиынов Әлібек Жақымұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы - аумақтық медициналық бірлестігі директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Кравченко Александр Васильевич - аудандық білім бөлімінің әдіскері; Ажкенов Манарбек Малкенжарович - “Намыс” жастар қоғам бірлестігі басшысы орынбасары (келісім бойынша) Айтжанова Нұрсұлу - медбике, комиссия хатшысы;
Басқа 11. 1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын сәуір айларында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Аудандық әкімияттың 28 ақпандағы 2006 жылғы №69 қаулысымен бекітілді. № 2 қосымша 1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын сәуір айларында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі № Селолық округтердің атаулары саны сәуір 3-4 5-6 7-8 10-11 12-13 14-15 1 Амангелды 16 16 2 Ақтау 23 23 3 Достық 17 17 4 Қазақстан 25 25 5 Тасқала 95 25 40 30 6 Қосшы 19 19 7 Мереке 10 10 8 Мерей 31 31 9 Шежін 19 19 барлығы 255 50 49 42 44 40 30
Басқа 12. 1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын қазан айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Аудандық әкімияттың 28 ақпан 2006 жылғы № 69 қаулысымен бекітілді. №3 қосымша 1979-1988 жылдары туылған аудан азаматтарын қазан айында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі № Селолық округтердің атаулары саны сәуір 2-3 4-5 6-7 9-10 11-12 13-14 16-17 18-19 1 Амангелды 24 24 2 Ақтау 21 21 3 Достық 16 16 4 Қазақстан 33 33 5 Тасқала 141 46 46 49 6 Қосшы 22 22 7 Мереке 13 13 8 Мерей 26 26 9 Шежін 25 25 барлығы 321 45 49 48 38 46 46 49