Қолданыстағы ред. 19.04.2007 (Редакция 35339_371295.kaz)

1980-1989 жылдары туылған шақыру күніне дейін 18 жасқа толған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 19.04.2007 г. № 18 (1980-1989 жылдары туылған шақыру күніне дейін 18 жасқа толған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

1980-1989 жылдары туылған шақыру күніне дейін 18 жасқа толған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азамтаттарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 Қарлығына сәйкес және азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен сапалы өткізу мақсатында Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейнге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейінге қалдыру құқығынан айрылған 1980-1989 жылдары туылған азаматтар 2007 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2

2. Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу үшін ауданда шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын және оның жұмысы 2007 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында үйымдастырылсын.

3

3. Аудандық білім бөліміне (Д.Нәзікбаев) 2-қосымшаға сәйкес кезекті әскерге шақыру кезінде техникалық қызметкерлер бөлу үсынылсын.

4

4. Ауылдық округі әкімдеріне әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру пунктіне және медициналық комиссияға үйымдасқан түрде жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз ету, мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды үйымдастыру үсынылсын.

5

5. Қармақшы аудандық емхананың бас дәрігері Б.Нысанбаев (келісім бойынша) шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін аудандық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын 3-қосымшаға сәйкес бөлу, аудандағы емдеу орындарында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін тереңдетілген дәрігерлік жабдықтармен, медициналық мүліктермен қамтамасыз ету сұралсын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Утегенов, келісім бойынша) және Жосалы желілік полиция бекетіне (С. Нұрымбетов, келісім бойынша):

1

1) шақыру кезінде әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасында және тасымалдау кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

2

2) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

7

7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.

8

8. Қаулы аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

11. Комиссия мүшелері:

Қармақшы ауданы әкімдігінің
2007 жылғы « 19 » сәуір
№ 18 қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Нұрғожин Даулет Ерғалиұлы
-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Қалиев Ерлан Піртазаұлы
-аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Жүрімбаева Ләззат Қуанышбекқызы
-аудандық емхана аяжаны, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
Бекқадамов Рахман Алиасқарұлы -аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Батенова Марияш Айниязқызы -аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша).

12

Қармақшы ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «19» сәуір
№18 қаулысына 2-қосымша
Кезекті әскерге шақыру кезінде бөлінетін техникалық қызметкерлер:
Аудандық білім бөлімі - 6 (алты) қызметкер

13

Қармақшы ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «19» сәуір
№18 қаулысына 3-қосымша
Әскерге шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізуге бөлінген дәрігерлер мен аяжандардың ТІЗІМІ
(келісімдері бойынша)
Бетенова Марияш Айниязқызы- дәрігер терапевт, дөрігерлік комиссияның төрайымы;
Жүрімбаева Ләззат Қуанышбекқызы-аяжан, комиссия хатшысы;
Болсынаева Бибіхан Айжарыққызы-дәрігер терапевт;
Мырзақұлов Айбек Маратұлы -дәрігер хирург;
Сүлейменова Күләмза Сүлейменқызы
-нерв жүйелері дәрігері;
Балмаханова Айткул Майданбайқызы -тері аурулар дәрігері;
Қанатова Роза Бөгенқызы
-психикалық аурулар дәрігері;
Аубакиров Рашид Абдималикович
-тіс дәрігері;
Байғабылов Әуесхан Тілеген ұлы
-дәрігер фтизиатр;
Тарғанов Нұрлан Сұмағұлұлы
-көз, қүлақ, мүрын аурулар дәрігері;
Торақбаева Шамал Торақбайқызы
-көз дәрігері;
Шегебаева Макебану Шәймерденқызы
-аяжан;
Пірманова Света Мінәжқызы -аяжан;
Құлмұратова Сарқыт Алмасқызы
-аяжан;
Мұхамедиярова Кенжегул -аяжан.