Қолданыстағы ред. 24.04.2007 (Редакция 32950_252822.kaz)

1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы от 24.04.2007 г. № 112 (1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы)

0

1980-1989 жылдары туған азаматтарды
2007 жылғы көктемгі және күзгі әскери
қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-III Заңының 20,21,23 бабтарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II
Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын, 37 бабының 1,2 тармақшаларын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ :

1

1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2007 жылдыңсәуір- маусым және қазан- желтоқсан айларында өткізілсін .
2.
1980-1989 жылы туған азаматтарды аудан аумағында мерзімді әскери қызметкешақыруды жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын. (№1 қосымша)
3.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Д. Итбаев ) төмендегіжұмыстарды атқару тапсырылсын:

1

1) Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті
дәрігер - мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін
бөлу;

2

2) Азаматтарды флюорографиялық, кардиологиялық және басқа
медициналық талдау түрлерінен өткізуді қамтамасыз ету;

3

3) Медициналық куәландыру және емдеу жүргізетін мекемелерінің
тізбесін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұсыну ;

4

4) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасы бойынша
жіберілген азаматтарды қосымша тексеріп, емделуін қамтамасыз ету;

5

5) Шақыру учаскелерін қажетті медикаменттермен, құралдармен және
медициналық мүліктермен жабдықтау;

6

6) Азаматтарды медициналық куәландыру аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің тізім - кестесіне сай жүргізу .

4

4. Аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі азаматтарды
медициналық куәландыру Ақсуат, Ақжар ауылдарында еткізу ұйымдастырылсын.

5

5. Әскерге шақырушылардың кәсіби деңгейін анықтау тобы құрылсын.
(№2қосымша).

6

6. Аудандық білім бөліміне (Қ. Бейілғожин) Абай атындағы /Ақжар/
және К. Нұрбаев атындағы /Ақсуат/ орта мектептерінде әскерге
шақырылушылардың кәсіби деңгейін анықтау үшін арнайы бөлме және
спорт алаңдарын даярлау міндеттелсін.

7

7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Е. Сейлханов ) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі мен Ішкі Істер Министрінің 2001 жылғы 12 тамыздағы № 265 және 19 тамыздағы № 638 бірлескен бұйрықтарына сәйкес әскерге шақыру кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен өзара бірлескен іс - қимылын ұйымдастыру, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруге ықпал жасау, шақыру учаскелерінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету сұралсын.

8

8. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісіне (А. Түрекенова) 2007 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру науқанын қажетті қаржымен қамтамасыз етсін.

9

9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиев күзгі әскерге шақыру науқанының өту барысы жөнінде аудан әкіміне баяндап отырсын.

10

10. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 наурыз №218 аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 24 сәуір №5-16-15 тіркелген қаулысының күші жойылды деп есептелсін .

11

11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
12 . Қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлінінің бастығы
Е. Сейлханов
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
Д. Итбаев
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлінінің бастығы
А. Қарабиев

16

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 25 сәуірдегі
№112 қаулысына № 1 қосымша
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Н. Қараталов

17

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 25 сәуірдегі
№112 қаулысына № 2 қосымша
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Н. Қараталов