Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8- тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20- бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 17 сәуіріндегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың cәyip-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 18.04.2007 г. № 96 (Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Бастөбе ауылы, С.Юн көшeci, 22 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде 1980-1989 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. 1 қосымшаға сай азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін шақыру комиссиясы құрылсын.
3. 2,3 қосымшаларға сай азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4. «Қаратал ауданының орталық аудандык ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Р.А.Тәпенов) мынандай ұсыныс берілсін:
1)әскерге шақырылғандарға медициналық куәландыру жүргізу үшін шақыру комиссиясының құзырына қажетінше тәжірибелі дәрігер-мамандар мен орта медициналык қызметкерлер бөлу;
2)шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша шақырылғандардың
денсаулығын қосымша тексеру үшін ауданның тұрақты емдеу мекемелерінде төсек-орын резервін сақтау;
3)аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің eceбi мен жоспарына сай, барлық әскер қатарына шақырушыларға талдау жүргізіліп, ауданның емдеу мекемелері арқылы кеуде клеткаларына флюрографиялык, электроқардиограммалык тексерулерін жүргізуді қамтамасыз ету;
4)шақырушыларды иммунитеттін тапшылығынан жүре пайда болатын синдром инфекциясына ақысыз тексерудің басқа да қажетті зерттеулерді қамтамасыз ету.
5. Қала мен ауылдық округтердің әкімдері 2007 жылдың cәyip- маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезенінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
6. «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ш.С.Қаймолдина) шақыру учаскесінің және облыстык жинау пунктінің жұмысы үшін шақырылғандардың жеке iciн рәсімдеуге және 2007 жылдың cәyip- маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылғандарды әскерге жіберу үшін құжаттардан үзінді жазуға техникалық қызметкерлер бөлсін.
7. «Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Е.Қ.Сансызбаев), Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі мемлекеттік мекемесінің көліктегі «Оңтүстік-Шығыс ішкі істep департаменті Үштөбе станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің» бастығына (Т.С. Данабеков) әскерге шақырылғандарды Қазакстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салу кезеңінде шақыру учаскесінде және Үштөбе темір жол станциясында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Қаратал аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы, хабарлау ұсынылсын.
8. Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 108 «Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туған азаматтарын 2006 жылдың cәyip-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 1 маусымында 2-12-33 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 2 маусымындағы № 22-ші «Қаратал» газетінде жарияланған, орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының жүзеге асуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаевқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімдігінің 2007 ж. 18 cәуіріндегі № 96 «Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туған азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия құрамы:
Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин: Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Төраға орынбасары:
Бағлан Қанапияұлы Берлінбаев: Аудан әкімі аппаратының әскери жұмылдырушылық
жұмыстра, бастауыш әскери дайындық, азаматтық
қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы
Комиссия мүшелері:
Талап Мелсұлы Омаров: Аудандық ішкі icтep бөлімі бастығының орынбасары
Расиль Сәбірұлы Гайсин: Медициналык комиссия төрағасы, аудандық аурухана
дәрігері
Гүлфия Молшылыққызы Нүсіпова: Комиссия хатшысы, аудандық аурухана медбикесі