1980-1989 жылдары туған Жаңаарқа
ауданы аумағында тұратын
азаматтарды 2007 жылдың көктем
және күз мезгілдерінде әскери
қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес 1980-1989 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2007 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, өз мәнінде жүргізу мақсатында Жаңаарқа ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1980-1989 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2007 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы от 30.04.2007 г. № 420 (1980-1989 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2007 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы)
1. Аудан аумағындағы 2007 жылдың 15 мамыр мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында 1980-1989 жылдары туған, әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ әскер жасындағы азаматтар міндетті мерзімде әскери қызметке шақырылсын.
2. 2007 жылы аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссияның құрамы бекітілсін (№1 қосымшада көрсетілген).
3. Аудандық медицина бірлестігіне (Ж.Қожабековаға - келісімі бойынша):
1) медициналық комиссияның құрамын жасақтау, қажетті дәрі- дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз ету, қажет жағдайда қосымша дәрігер мамандар мен медбикелерді бөлу ұсынылсын;
2) 2007 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мақсатында құрылған маман-дәрігерлер мен медбибілердің құрамын бекіту ұсынылсын (2 қосымшада көрсетілген).
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (С.Әлиевке - келісімі бойынша):
1) 2007 жылы әскер қатарына шақырылған азаматтар арасындағы әскери қызметті өтеуден бас тартушыларды іздестіріп, облыстық жиын пунктіне жіберуді ұйымдастыру ұсынылсын;
2) селолық округтерден әскери қызметке шақырылған азаматтардың шақыру пунктіне уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын;
3) қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше көңіл бөліп, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге көмек көрсету және бір учаскелік инспектор бөлу ұсынылсын.
5. Кент және селолық округ әкімдеріне, аудандық мекемелер басшыларына әскери қызметке шақырылған барлық азаматтардың әскерге шақыру пунктіне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Әскери қызметке шақыру комиссиясына келуден бас тартқан азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған іздестіру тобы бекітілсін (№3 қосымшада көрсетілген):
7. 2007 жылдың 15 мамыр мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу үшін төмендегі мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына орташа айлық жалақыларын сақтай отырып, техникалық қызметкерлерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жіберу ұсынылсын:
1) Аудандық білім бөлімі (Е.Қуанышбеков) - 1 адам;
2) Локомотив депосы (А.Аманбаев) - 1 адам;
3) Теміржол шаруашылығы мекемесі (А.Байбосынов) - 1 адам;
4) Жол пайдалану мекемесі (А.Абишев) - 1 адам;
8. Жаңаарқа станциясының бастығына (М.Бағарамоваға - келісімі бойынша) әскерге шақырылған командаларын Жаңаарқа стансасынан Қарағанды стансасына дейін жіберу үшін поезда отыратын орындармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Теміржол полиция бекетінің бастығына (А.Сембековке - келісімі бойынша) жастарды әскерге шығарып салу, оларды облыс орталығына дейін жеткізу кезінде қатаң тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар жүргізуі ұсынылсын.
10. Аудан әкімінің орынбасары (М.Жандаулетов) және Жаңаарқа ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы (С.Қ.Қасымов - келісімі бойынша) әскер қатарына алынушылар күніне байланысты шығарып салу салтанаты мен жиынын өткізу тапсырылсын.
11. Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (А.Жылқыбаевқа) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі ұсынған шығындар сметасына сәйкес көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанын қаржыландыру тапсырылсын.
12. Аудан әкімдігінің 27 наурыз 2006 жылғы №129 «1979-1988 жылдары Жаңаарқа аумағында тұратын азаматтарды 2006 жылдың көктемгі, күзгі мерзімдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» қаулысының (Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында №8-12-16 санымен 24 сәуір 2006 жылы тіркелген) күші жойылған болып табылсын.
13. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әқімінің орынбасары, комиссия төрағасы М.Жандаулетовке жүктелсін.
14. Осы қаулы ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
АҚІБ ММ-нің бастығы
С.Қ.Қасымов
2 мамыр 2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
«Аудандық қаржы бөлімі
ММ-нің бастығы
А.Жылқыбаев
2 мамыр 2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
АІІБ бастығы
С.С.Әлиев
2 мамыр 2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Жаңаарқа стансасының бастығы
М.Бағарамова
2 мамыр 2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Теміржол полиция бекетінің бастығы
А.Сембеков
2 мамыр 2007 ж.
Аудан әкімдігінің
30 сәуір 2007 жылғы
нормативтік-құқықтық сипаттағы
№ 420 қаулысына № 1 қосымша
2007 жылы аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссияның құрамы
Қасымов Сағадат Қуанышбекұлы - ауданның қорғаныс істер
жөніндегі бөлімнің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша)
Жандаулетов Марат Жандаулетұлы - аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының орынбасары
Сәрсенбеков Дос Мүхаметжанүлы - аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісімі бойынша)
Мадиев Жұлдыз Балтабайұлы - дәрігер, медициналық
комиссияның төрағасы
(келісімі бойынша)
Жақаева Манара Жақайқызы - аудандық аурухананың дәрігері, комиссия хатшысы
(келісімі бойынша)
Әскерге шақырылу комиссиясы мүшелерінің ішінен біреуі қатыспаған жағдайда, міндетін атқарушы тұлға қол қоюға құқылы.
Аудан әкімдігінің
30 сәуір 2007 жылғы
нормативтік-құқықтық сипаттағы
№ 420 қаулысына № 2 қосымша
2007 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтарды
медициналық сараптамадан өткізу мақсатында құрылған маман-дәрігерлер мен медбибілердің құрамы
Мәдиев Жұлдыз Балтабайұлы - отолоринголог, дәрігерлер
комиссиясының төрағасы
Майшин Талғат Әбетбайұлы - хирург
Тасжанова Қарлығаш Әбілбекұлы - терапевт
Оралбаева Аян Даулетбайқызы - психиатр
Толеубаев Амангелді Абильдинұлы - дерматолог
Сейфулғазина Еркін Көшімханқызы - окулист-медбибі
Асқарова Рыскүл Асқарқызы - медбибі
Жақаева Манара Жақайқызы - медбибі, комиссия хатшысы
Аудан әкімдігінің
30 сәуір 2007 жылғы
нормативтік-құқықтық сипаттағы
№ 420 қаулысына № 3 қосымша
Әскери қызметке шақыру комиссиясына келуден бас тартқан азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған
іздестіру тобы
Әбдікешев Нұржан Нәрікбайұлы - іздеу тобыңың бастығы, қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің орынбасары
Қасымов Жағыпар - аудандық ішкі істер бөлімінің
қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы