Қолданыстағы ред. 15.06.2007 (Редакция 34077_374419.kaz)

Көкпекті ауданы бойынша 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 15.06.2007 г. № 4610 (Көкпекті ауданы бойынша 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

Көкпекті ауданы бойынша 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына, көктемінде (сәуір-маусым) және күзінде (қазан-желтоқсан) азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Садыков М.Д.) (келісімі бойынша) 1980-1989 жылдары туылған, сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімде, мерзімді ұзартуға құқықтары жоқ, әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруды және қамтамасыз ету ұсынылсын.

2

2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (№ 1 қосымша) және мерзімді әскери қызметтен өту үшін азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде әскерге шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (№ 2 қосымша).

3

3. № 1 Көкпекті аудандық ауруханасына бірлестігіне (Толықбаев Қ.Т.) (келісім бойынша) ұсынылсын:

1

1) Шақырылушыларды медициналық куәландыруын өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлермен және орта медицина қызметкерлерін бөлу;

2

2) Шақыру комиссиясын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери – дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарына сәйкес қажетті медициналық аспаптармен және мүлікпен қамтамсыз ету.

4

4. Ұйымдар, мекемелер басшыларына, әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту үшін дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. Селолық округтерінің әкімдеріне әскерге шақырушыларды уақтылы хабарландырып, шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

6

6. Көкпекті ауданының ішкі істер бөліміне (Түгелов Н.М.) (келісім бойынша) ұсынылсын:

1

1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген адамдардың жеткізілуін қамтамасыз ету;

2

2) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

7

7. Аудандық қаржы бөлімі (Ахмерова З.Ш.) 2007 жылға арналған аудан бюджетімен белгіленген мөлшерде шақыруды қаржыландырсын.

8

8. Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Көкпекті ауданы бойынша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

9

9. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

10

10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Атымай Жылқыбайұлы Әбеновке жүктелсін.
Келісілді:
Көкпекті ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
Н. Түгелов
Көкпекті ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
М. Садықов

15. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін шақыру комиссиясы

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «15» маусымдағы
№ 4610 қаулысына № 1 қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін шақыру комиссиясы

1

1) Марат Дәлелханұлы Садықов – Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

2

2) Алмат Асанұлы Хұдайбергенов – Көкпекті ауданының құрылыс бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:

3

3) Қайдар Асқарұлы Чайзандинов – Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

4

4) Раушан Құмарқызы Дюсембаева – № 1 Көкпекті аудандық ауруханасының емхана меңгерушісі, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);

5

5) Жанар Ахметова – комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Аудан әкімі аппаратының
басшысы Р. Кемербаева

21. Мерзімді әскери қызметтен өту үшін 1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі және күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «15» маусымдағы
№ 4610 қаулысына № 2 қосымша
Мерзімді әскери қызметтен өту үшін 1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі және күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
№ рет
Әкімшілік-аумақтық
бірліктер атауы
өту мерзімдері
Көктем
Күз
1
Бастаушы селолық округі
сәур айы
қазан айы
2
Белое селолық округі
сәур айы
қазан айы
3
Биғаш селолық округі
сәур айы
қазан айы
4
Казнаковка селолық округі
сәур айы
қазан айы
5
Карағандыкұл селолық округі
сәур айы
қазан айы
6
Көкжайық селолық округі
сәур айы
қазан айы
7
Көкпекті селолық округі
сәур айы
қазан айы
8
Қ. Аухадиев атындағы селолық округі
сәур айы
қазан айы
9
Мариногорка селолық округі
сәур айы
қазан айы
10
Миролюбовка селолық округі
сәур айы
қазан айы
11
Новотимофеевка селолық округі
сәур айы
қазан айы
12
Палатцы селолық округі
сәур айы
қазан айы
13
Самар селолық округі
сәур айы
қазан айы
14
Тассай селолық округі
сәур айы
қазан айы
15
Теректі селолық округі
сәур айы
қазан айы
16
Үлкенбөкен селолық округі
сәур айы
қазан айы
17
Үлгілімалшы селолық округі
сәур айы
қазан айы
18
Шұғылбай селолық округі
сәур айы
қазан айы
Көкпекті ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы М. Садықов