1980-1989 жылдары туған азаматтарды
2007 жылдың көктемінде және күзінде
мерзімді шұғыл әскери кызметке
шақыруды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасы, сондай-ақ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 19, 20, 21, 44 баптарынның негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери кызметке шақыруды өткізу туралы от 20.03.2007 г. № 811 (1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери кызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Зайсан ауданының корғаныс істер жөніндегі бөлімі (Н.Н.
Түнғатаров келісім бойынша) азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастыру ұсынылсын.
2. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (З. Калибеков келісім бойынша) және №1 отбасылық дәрігерлік емханасының бас дәрігеріне (Р.А. Базарова келісім бойынша) ұсынылсын:
1) медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық қорғаныс істері бөлімінде әскери -дәрігерлік комиссия құруға қажетті мөлшерде маман- дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін болу;
2) тұракты емделу, емдеу-сауықтыру мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3) шақыру кезінде тісін емдеуді кажет ететіндердің ауыз қуысын қосымша емдеуден откізуді қамтамасыз ету;
4) әскери -дәрігерлік комиссиясын шыққан бұйрығымен 2005 жылдың 1 қыркүйеғінен қолданыска енғізілген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде медициналық куәландырудан өткізу туралы Ережеге» және «Қазакстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери -дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық министірінің 2005 жылғы 16
наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің 2005
жылдың 4 наурызындағы № 100 бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті
мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
5) әскери қызметке шақыру жүргізіліп, емделуге мұқтаж
шақырылушылардың тізімі тапсырылғаннан кейін, оларды емдеу
мекемелеріне бекітсіғі және келесі шакыруға дейіи емделулерін
камтамасыз ету.
3. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
Түнғатаров Нұрмахан Нүрғазыүлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (өз келісімімен)
Бикадамов Қазбек Солтанбекұлы - Зайсан ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрағасынын орынбасары
Комиссия мүшелері:
Тауасарова Гүлмира Әнуарбеккызы
- аудандық аурухананың жасөпірімдер дәрігері, дәрігерлік комиссияныңтөрайымы (өз келісімімен)
Сагиев Ермек Мейрханович - аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық кауіпсіздік бөлімнің бастығының орынбасары төрайымы (өз келісімімен)
Бегімжанова Гүлия Төлеуханкызы - аудандық аурухана медбикесі комиссия хатшысы (өз келісімімен)
4. Ауылдық округтер әкімдеріне міндеттелсін:
1) іссапарда, демалыста жүрғен барлық әскерге шақырылушыларды кері шақыртып, шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылушыларға шақыру учаскесіне келу туралы дербес шақыру қағаздарын табыс етсін;
3) әскерге шақырылушыларды шақыру пунктіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлсін және оларды тасымалдауда жазатайым окиғалардан сақтаудың барлық шараларын сақтасын;
4) әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуді салтанатты жағдайда жүргізсін.
5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (З.Мұхаметкариева) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын.
6. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шару
1) корғаныс істері жөніндегі бөлім қызмет
әскерге шақыру іс-шараларының жұмыстарына байланысты іссапар, әскери
қызмет қатарына шақырушыларды аттанар алдында салтанатты шығарып
салу кездерінде сыйлықтар тапсыру және шаралар ұйымдастыру;
2) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жалға алған ғимаратының ағымдық жөндеу жұмыстары және жалға төлеу акысы;
3) әскерге шақыру шараларын өткізу уақытында қосымша жаыар-жағар май бөлінуі, канцелярлық заттар шығындары;
4) әскерге шақырушыларды дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындар;
5) әскери -дәрігерлік комииссияға, әскерге аттану уақытында
жабдықталған көлікпен қамтамасыз ету келісімшартпен, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді келісімшартпен жұмысқа қабылдау және жылу беру мерзімі уакытында от жағушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің (Н. Түнғатаров келісім бойынша). тапсырысымен келісімшарт
бойынша қабылдау аудан бюджетінде қаралған қаржы
есебінен бөлінсін;
6) әскерге шақырушылардың құжаттарын дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 2 компьютер алуға типографиялық таисырыстарға және аудандық жинақтау пунктне медициналық құрал жабдықтар, дәрі-дәрмектер алуға аудан бюджетінен қаралған қаржы- есебінен бөлінсін.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (С. Тоқжігітов келісім бойынша) әскерге шақырылудан жалтарып жүргендерді іздестіруді қамтамасыз етіп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жеткізу. Сондай-ак әскерге шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртігітің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Осы қаулы әділет органдарында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовка жүктелсін.
10. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 5 маусымдағы «1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде мерзімді шұғыл әскери кызметке шақыруды өткізу туралы» № 399 қаулысының күші жойылсын.