1980-1989 жылғы азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым
айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 Жарлығына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1980-1989 жылғы азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 23.04.2007 г. № 25 (1980-1989 жылғы азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Ауданда 1980-1989 жылғы азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері, «Облыстық денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша өкілінен (К.Азиров, келісімі бойынша) мерзімді әскер қатарына шақырылатын азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізетін маман-дәрігерлер мен медбикелерді 2-қосымшаға сәйкес бөлу, медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық кұралдармен, флюрографиялық пленкамен және электрокардиограмманың (ЭКГ) қағаздарымен қамтамасыз ету сұралсын.
3. Мерзімді әскери кызметке шакарылушылардың жеке құжаттарын толтыру және міндетті әскери кызметтен жалтарған азаматтарды іздестіру үшін мекемелерден техникалық қызметкерлер 3-қосымшаға сәйкес бөлінсін.
4. «Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (К.Утеев, келісімі бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру және оларды тиісті заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
5. «Қазалы жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (Н.Изтлеуов, келісімі бойынша) 2007 жылдың сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде «Қазалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын электр энергиясымен камтамасыз ету сұралсын.
6. Осы каулының орындалуын бакылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Акжігітовке жүктелсін.
2007 жылгы «23» сәуірдегі
№25 нормативтік құқықтык кесімге
1-қосымша
Ауданда 1980-1989 жылғы азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру комиссиясының құрамы
Байсынов Мұрат Балтабекұлы - «Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Байкөбеков Алғашбай Сыдықұлы - «Қазалы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Алданазарова Зауре Тілекқызы -
«Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша);
Комиссия мүшелері:
Жұбатқан Қаныш Аманшаұлы - «Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісімі бойынша);
Қорғанов Нұрлан Тлепбайұлы - «Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісім шарт әскери қызметшілерін жинақтау және шақыру бөлімшесінің бастығы (келісімі бойынша);
Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы - «Аудандық кенес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-терапевті (келісімі бойынша);
Қартабай Шәкір Қожабекұлы -
«Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі.
2007 жылғы 23 сәуірдегі
№25 нормативтік қүқықтық кесімге
2-қосымша
Мерзімді әскер қатарына шакырылатын азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізетін маман-дәрігерлер мен медбикелердің ТІЗІМІ
Қамысбай Пайзулла Суханұлы - «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-хирургы (келісімі бойынша);
Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы - «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-терапевты (келісімі бойынша);
Төлебаева Кәмпит - «Қазақстан Республикалық песханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-лепрологы (келісімі бойынша);
Тілеуімбетов Бақтыбай Құлбайұлы - «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-психиатры (келісімі бойынша);
Сатмағанбетова Анаркүл Тарғынқызы - «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-невропотологы (келісімі бойынша);
Сатмағанбетов Бекарыстан Құрманбайұлы -
«Аудандық кеңес беру диагностикалык емханасы» мемлекеттік мекемесінің көз дәрігері (келісімі бойынша);
Айтчеков Серік Жұбанұлы -
«Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің құлақ, мұрын дәрігері (келісімі бойынша);
Сайлыбаев Ібайдулла Жанахметұлы -
«Аудандық тері-жіңішке аурулар диспансері» мемлекеттк мекемесінің тері дәрігері (келісімі бойынша);
Айтенов Асылбек Жамбылұлы -
«Ақ кербез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дәрігер-стомотологы (келісімі бойынша);
Қожабаева Гүласыл Молдабайқызы -
«Аудандық туберкулезге қарсы күресу диспансері» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-фтизиатры (келісімі бойынша);
Қуанышева Зульфия Губайдуллақызы -
«Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы » мемлекеттік мекемесінің дәрігер-кардиологы (келісімі бойынша);
Нағымет Бағдагүл Нағыметқызы -
«Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің медбикесі (келісімі бойынша);
Алиева Гүлшат Әлібекқызы -
«Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің медбикесі (келісімі бойынша).
2007 жылғы 23 сәуірдегі
№25 нормативтік қүқықтық кесімге
3-қосымша
Мерзімді әскери қызметке шакырылушылардың жеке құжаттарын толтыру және міндетті әскери ққызметтен жалтарған азаматтарды іздестіру үшін мекемелерден бөлінетін техникалық қызметкерлердің тізімі
1
«Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Нурадинов Асылбек Аманкельдіұлы
1 адам
23.04.2007 ж.-
25.06.2007 ж.
2
«Қ.Сатбаев атындағы № 216 орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Қуанышбаев Серік
1 адам
23.04.2007 ж. -25.06.2007 ж.
3
«№ 170 мектеп» мемлекеттік мекемесі
Имашев Нурлан Райпұлы
1 адам
23.04.2007 ж. -25.06.2007 ж.
4
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Шермаханов Төребай Айдарбекұлы
1 адам
23.04.2007 ж. -25.06.2007 ж.
5
«В.Счастнов атындағы № 249 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Бәймішев Ғабит Бердіұлы
1 адам
23.04.2007 ж. -25.06.2007 ж.
6
«С.Сейфулин атындағы № 165 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Ізбасанова Ләззат Шыманқызы
1 адам
23.04.2007 ж. -25.06.2007 ж.
7
«Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Даулетияров Бейбіт
1 адам
23.04.2007 ж. -25.06.2007 ж.