Құжат мәтініне өту

О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года

Қаулы · № 92 · қабылданған 04.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1981-1990-2008-ekb-38909/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 92 ·04.04.2008
04.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 92 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92
Қабылданған күні
04.04.2008
Көрсетілген редакция
04.04.2008 38909_378921.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VS000074
ЭКБ идентификаторы
38909
Редакция идентификаторы
38909_378921
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:43

0 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 және 20- баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шакыру туралы» Жарлығының негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8)- тармақшасын басшылыққа ала отырып, 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды мерзімінде және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1981-1990 жылдары туған шақыруды кейінге шегеруге құқықтары жоқ немесе босатылған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. 2008 жылғы көктемде Шемонаиха ауданының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (негізгі қаулының қосымшасына сәйкес). Шақыру комиссиясының жүмысы мына мекен-жай бойынша басталады: Шемонаиха қаласы, Гагарин көшесі, 9.

3 3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін аудандық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын:

Чурбанов Марат Давлетқанұлы - Шемонаиха ауданы қорғаныс істеріженіндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы;
Беляева Любовь Алексеевна - аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Бекпау Қанат Тұрсынқанұлы - аудандық ішкі істер бөлім бастығының кадрлар және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
Жампейісова Төлеужамал Ақзамқызы - медициналық комиссияның төрайымы, аудандық терапевт (келісім бойынша);
Соколова Гүлбану Степановна -медициналық комиссияның хатшысы, медицина медбикесі (келісім бойынша).

4 4. Қала, кенттер және ауылдық округтердің әкімдеріне, аудандық ұйымдардың басшыларына, әркімнің өз құзыры шегінде азамматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын уактылы және ұйымдастырушылықта өткізу үшін:

1 1) шақыру учаскесіне 1981-1990 жылдары туған азаматтардың толық және уақтылы келуін камтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырылушыларды тасымалдау кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары өкілдерінің алып баруымен жүргізілсін;

3 3) комиссияға қажетті құжаттарды дайындап тапсыруды қамтамасыз етсін.

5

5. «Шемонаиха ОАА» КМҚК бас дәрігеріне (Т.М.Абайделдінов келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмысын, кезекті мерзімді әскери қызметке шакырылушы азаматтардың сапалы куәландыруларын бақылауға алу үсынылсын. Шемонаиха қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің (ҚІБ) аудандық дэрігерлік комиссиясы маман дәрігерлермен, орта дәрігерлік қызметшілермен жинақтау шаралары қабылдансын. Шемонаиха ҚІБ дәрігерлік қамтамасыз етуіне арналған шығын төлемі шарт негізінде жүргізілсін.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Қ.Т.Синиязов келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан бұлтартқан азаматтарды іздеу, облыстык жинақтау пунктіне жіберу кезінде шақыру пункттерінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын. ҚІЖБ аумағында полиция кызметкерінің кезекшілігін ұйымдастырсын.

7

7. Ішкі саясат (Т.С. Степанова), мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне (Ә.К.Селтеева) шақыру кезеңінде әскери қызметке шақырылушы жастармен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және шақырушылардың салтанатты аттануын өткізуге белсене қатысып, командалардың қалыптастырулары мен аудандық шақыру пунктінен аттандыруға дейін Қарулы Күштердің соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.

8 8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (Н.Р. Крузмягина) 2007 жылға арналған аудандық бюджеттен белгіленген мөлшерде, азаматтарды шақыру бойынша шараларды қаржыландыру жүргізілсін.

9 9. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына азаматтарды шақыруды мерзімінде және ұйымдастырушылықта жүргізу үшін 2008 жылғы 1 сәуірден қызметкерлер саны 4 адам (4-тех.қызметкерлер) жұмысқа алынсын.

Төлем ақы 2008 жылға арналған бюджетте белгіленген қаржы шегінде жүргізілсін.

10 10. Негізгі қаулы жарияланған кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

11 11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Л.А. Беляеваға жүктелсін.

Қолданыстағы