Құжат мәтініне өту

1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы

Қаулы · № 130 · қабылданған 02.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.04.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1981-1990-2008-ekb-39114/?version=39114_332192.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 130 ·02.04.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы

ҚАЗ1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 130 · қабылданған 02.04.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
130
Қабылданған күні
02.04.2008
Көрсетілген редакция
02.04.2008 · қолданыстағы 39114_332192.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
02.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KL000042
ЭКБ идентификаторы
39114
Редакция идентификаторы
39114_332192
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:44

0 1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес 1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, өз мәнінде жүргізу мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауданы аумағындағы 2008 жылдың 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында 1981-1990 жылдары туған, әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ әскер жасындағы ер азаматтарды міндетті мерзімде әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссияның құрамы бекітілсін (№ 1 қосымшада көрсетілген).

3 3. Аудандық медициналық бірлестігіне (Ж. Қожабековаға – келісімі бойынша):

1 1) медициналық комиссияның құрамын жасақтау, қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз ету, қажет жағдайда қосымша дәрігер мамандар мен медбикелерді бөлу ұсынылсын;

2 2) 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мақсатында құрылған маман-дәрігерлер мен медбибілердің құрамы бекітілсін (№ 2 қосымшада көрсетілген).

4 4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ұ. Қасымовқа – келісімі бойынша):

1 1) 2008 жылдың сәуір-маусысында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметіне шақырылған азаматтар арасындағы әскери қызметті өтеуден бас тартушыларды іздестіріп, облыстық жиын пунктіне жіберуді ұйымдастыру;

2 2) селолық округтерден әскери қызметке шақырылған азаматтардың шақыру пунктіне уақытылы жеткізілуіне және тасымалдау кезінде төтенше жағдай болдырмау үшін тиісті шараларды қамтамасыз ету;

3 3) қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде, жөнелту станциясында қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше көңіл бөліп, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге көмек көрсету және бір учаскелік инспектор бөлу ұсынылсын.

5 5. Кент және селолық округ әкімдеріне, аудандық мекемелер басшыларына әскери қызметке шақырылған барлық азаматтардың әскерге шақыру пунктіне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Әскери қызметке шақыру комиссиясына келуден бас тартқан азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған іздестіру тобы бекітілсін (№ 3 қосымшада көрсетілген).

7

7. 2008 жылдың 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу үшін Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөліміне (Ш. Ибраеваға) техникалық қызметкерлерді орташа айлық жалақыларын сақтай отырып, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жіберу ұсынылсын.

8 8. Жаңаарқа станциясының бастығына (М. Бағарамоваға – келісімі бойынша) әскерге шақырылған командаларын Жаңаарқа стансасынан Қарағанды стансасына дейін жіберу үшін поезда отыратын орындармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

9 9. Аудан әкімінің орынбасары (М. Жандаулетов) және Жаңаарқа ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы (С.Қ. Қасымов – келісімі бойынша) әскер қатарына алынушылар күніне байланысты шығарып салу салтанаты мен жиынын өткізу ұсынылсын.

10 10. Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (А. Жылқыбаевқа) 2008 жылғы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанын қаржыландыру тапсырылсын.

11

11. Аудан әкімдігінің 30 сәуір 2007 жылғы № 420 «1980-1989 жылдары туған Жаңаарқа аумағында тұратын азаматтарды 2007 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» қаулысының (Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында № 8-12-30 санымен 21 мамыр 2007 жылы тіркелген) күші жойылған болып табылсын.

12 12. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары М. Жандаулетовке жүктелсін.

13 13. Осы қаулы ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.

КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
С.Қ. Қасымов (келісімі бойынша)
2 сәуір 2008 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Аудандық қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Жылқыбаев
2 сәуір 2008 ж.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медицина бірлестігінің
директоры
Ж. Қожабекова (келісімі бойынша)
2 сәуір 2008 ж.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Ұ.Ш. Қасымов (келісімі бойынша)
2 сәуір 2008 ж.

1 2008 жылы аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссияның құрамы

Аудан әкімдігінің
2 сәуір 2008 жылғы
№ 130 қаулысына № 1 қосымша
2008 жылы аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссияның құрамы
Қасымов Сағадат Қуанышбекұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Жандаулетов Марат Жандаулетұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Абжанов Жайма Абжанұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)
Мадиев Жұлдыз Балтабайұлы – дәрігер, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша)
Жақаева Манара Жақайқызы – аудандық аурухананың Медбибісі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Әскерге шақырылу комиссиясы мүшелерінің ішінен біреуі қатыспаған жағдайда, міндетін орындайтын тұлға қол қоюға құқылы.

2 2008 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мақсатында құрылған маман-дәрігерлер мен медбибілердің құрамы

Аудан әкімдігінің
2 сәуір 2008 жылғы
№ 130 қаулысына № 2 қосымша
2008 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мақсатында құрылған маман-дәрігерлер мен медбибілердің құрамы
Мадиев Жұлдыз Балтабайұлы – отолоринголог, дәрігерлер комиссиясының төрағасы
Торбаева Қанат Қалмомынұлы – хирург
Қонырова Алмагүл Әбдікенқызы – терапевт
Оралбаева Аян Даулетбайқызы – психиатр
Толеубаев Амангелді Абильдинұлы - дерматолог
Сейфулғазина Еркін Көшімханқызы – окулист-медбибі
Асқарова Рыскүл Асқарқызы – медбибі-антропометрия бойынша
Бурштейн Борис Ефимович – тіс дәрігері
Оралбаева Аян Даулетбайқызы – жүйке ауру дәрігері
Леонова Елена Николаевна – зертханашы
Жақаева Манара Жақайқызы – медбибі, комиссия хатшысы

3 Әскери қызметке шақыру комиссиясына келуден бас тартқан азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған іздестіру тобы

Аудан әкімдігінің
2 сәуір 2008 жылғы
№ 130 қаулысына № 3 қосымша
Әскери қызметке шақыру комиссиясына келуден бас тартқан азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған іздестіру тобы
Әбдікешев Нұржан Нәрікбайұлы – іздестіру тобының бастығы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің орынбасары
Омаров Құат Тлеубергенұлы - аудандық ішкі істері бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы