1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 03.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2008 · қолданыстағы 39134_378169.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VP000054
- ЭКБ идентификаторы
- 39134
- Редакция идентификаторы
- 39134_378169
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:43
0 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңының 20, 21, 23 бабтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын, 37 бабының 1, 2 тармақтарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтарды мерзiмдi әскерге шақыру 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында өткізілсін.
2 2. 1981-1990 жылы туған азаматтарды аудан аумағында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу жөнiндегi комиссия құрылсын. (№ 1 қосымша)
3 3. № 1 медициналық бірлестіктің директоры (келісім бойынша) Д. Итбаев төмендегi жұмыстарды атқару тапсырылсын:
- азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу үшiн бiлiктi дәрігер - мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерiн бөлу;
- азаматтарды флюорографиялық, кардиологиялық және басқа медициналық талдау түрлерiнен өткiзудi қамтамасыз ету;
- медициналық куәландыру және емдеу жүргiзетiн мекемелерiнiң тізбесін аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге ұсыну;
- аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнiң жолдамасы бойынша жіберiлген азаматтарды қосымша тексерiп, емделуiн қамтамасыз ету;
- шақыру учаскелерiн қажеттi медикаменттермен, құралдармен және медициналық мүлiктермен жабдықтау;
- азаматтарды медициналық куәландыру аудандық қорғаныс істерi жөнiндегi бөлiмнiң тiзiм-кестесiне сай жүргiзу.
4 4. Әскерге шақырылушылардың білім деңгейiн анықтау тобы құрылсын (№ 2 қосымша).
5 5. Аудандық бiлiм беру бөлiмiннің бастығы Қ. Бейілғожин Абай атындағы (Ақжар) және К. Нұрбаев атындағы (Ақсуат) орта мектептерінде әскерге шақырылушылардың білім деңгейiн анықтау үшiн арнайы бөлме және спорт алаңдарын даярлау мiндеттелсiн.
6
6. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы (келісім бойынша) Е. Сейлханов әскерге шақыру кезiнде аудандық қорғаныс iстерi жөніндегi бөлiммен өзара бірлескен iс– қимылын ұйымдастыру, қорғаныс iстері жөнiндегi бөлімге әскерге шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіге ықпал жасау, шақыру учаскелерiнде тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7 7. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Ж. Бекбаев 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру науқанын қажеттi қаржымен қамтамасыз етсiн.
8 8. Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмінің бастығы (келісім бойынша ) А. Қарабиев көктемде және күзде әскерге шақыру науқанының өту барысы жөнiнде аудан әкiмiне баяндап отыру ұсынылсын.
9 9. Аудан әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 23 сәуір № 112 аудандық әдiлет басқармасында 2007 жылғы 25 сәуір № 5-16-35 тiркелген қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Жақаевқа жүктелсін.
11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілсін.
12 1981-1990 жылдары туған азаматтарды аудан аумағында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамы
Аудан әкiмдiгiнiң
2008 жылғы «3» сәуірдегі
№ 151 қаулыға № 1 қосымша
1981-1990 жылдары туған азаматтарды аудан аумағында
мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу жөнiндегi
комиссияның құрамы
Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы
- Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм бастығы, комиссия төрағасы келісім бойынша)
Тайшөгелов Айдос Жанабайұлы
- Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Жангелов Самат Жеңісбекұлы
- Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Жақсылықов Гайдар Хамзаұлы
- Аудандық орталық емхананың тіс дәрігері, (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері), комиссия мүшесі (келісім бойынша)
Дүйсенбаев Даулет Дүйсенбайұлы
- № 1 Ақжар ауруханасының дәрiгер – хирургы, (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері), комиссия мүшесі (келісім бойынша)
Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы
- аудандық орталық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
13 Әскерге шақырушылардың білім деңгейiн анықтау тобының құрамы
Аудан әкiмдiгiнiң
2008 жылғы «3» сәуірдегі
№ 151 қаулыға № 2 қосымша
Әскерге шақырушылардың білім
деңгейiн анықтау тобының құрамы
Абдилбаев Нұртас Тұрысбекұлы
- Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлім бастығының орынбасары, топ жетекшiсi (келісім бойынша)
Топ мүшелерi:
Оспанов Сансызбай Қожахметұлы
- Аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң бастапқы әскери даярлық пәнi бойынша әдiскерi
Ильясов Әдiл Әшкенұлы
- К. Нұрбаев атындағы орта мектебiнiң мұғалiмi
Ахметжанова Оралхан Нұранбасқызы
- Аудандық орталық емхананың дәрiгер - психиатры (келісім бойынша)
Абылқасымова Айгүл Төлеуханқызы
- № 1 Ақжар ауруханасының дәрiгер - психиатры (келісім бойынша)