1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/03
- Қабылданған күні
- 25.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2008 · қолданыстағы 39275_332402.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KQ000060
- ЭКБ идентификаторы
- 39275
- Редакция идентификаторы
- 39275_332402
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:32
0 1981-1990 жылы туған азаматтарды
2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери
қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,21 баптарына, Қазақстан Республика Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 01 сәуірдегі №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді эскери қызметке шақыруына» Жарлығына сәйкес Шет ауданы бойьшша 1981-1990 жылдары туған азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу мақсатында Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шет аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (№1 қосымша).
2 2. 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскерге шақыру мерзімінде жүргізілетін тәрбиелік мәні бар мәдени-көпшілік шаралар бекітілсін (№2 қосымша).
3 3. 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізуге қатысатын маман дәрігерлердің және медбибілердің құрамы бекітілсін (№3 қосымша).
4 4. Кенттер мен ауыл округтерінің әкімдеріне әскерге шақырылған азаматтарды медициналық сараптау участкесіне уақытылы және толықтай жеткізу міндеттелсін.
5
5. Шет аудандық ішкі істер бөлімі (Қ.Тәттімбеков келісім бойынша) әскер қатарына шақырушылар арасында әскери қызметті өтеуден жалтарғандарды іздестіруде аудандық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімге көмек көрсету және шақыру участкесіне қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Шет аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (М.Жонкина) азаматтарды шақыру участкелеріне тіркеумен байланысты жұмыстарды «Тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
7
7. Шет аудандық қорганыс істер жөніндегі біріктірілген бөлімі (С.Айтмағамбетов келісім бойынша) 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақырудың қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2008 жылдың 15 шілдесіне және 2008 жылдың 130 желтоқсанына дейін ұсыну сұралсын.
8 8. «1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Шет аудан әкімдігінің 2007 жылғы 04 мамырдагы №5/14 (мемлекеттік тіркеу №8-17-44 29.05.2007 жылғы) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
9 9. «1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Шет аудан әкімдігінің 2008 жылғы 02 сәуіріндегі №08/03 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
10 10. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Тілеубергеновке жүктелсін.
11 11. Осы қаулы алғашқы рет реуми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Айтмағамбетов Сұңғат Құнанбайұлы
Шет аудандық қорғаныс істер жөніндегі
біріктірілген бөлімінің бастығы
25.04.2008
Тәттімбеков Қозы Сейтқұлұлы
Шет аудандык ішкі істер бөлімінің бастығы
25.04.2008
Әбітаева Хауарира Бергенкызы
Шет аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
25.04.2008
Жонкина Маркеш Жекенқызы
Шет ауданының экономика және бюждеттік
жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
25.04.2008
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы
Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
25.04.2008
1 Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы:
Шет ауданы әкімдігінің
2008 жылғы
25 сәуірдегі
№ 10/03 қаулысына
№1 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы:
Айтмағамбетов Сұнғат Құнанбайұлы Шет аудандық қорғаныс істер
жөніндегі біріктірілген бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі,
комиссия төрағасының орынбасары;
Баданов Бауыржан Амангелдіұлы Шет аудандық ішкі істер бөлімі бойынша қоғамдық қауіпсіздіқ
бөлімшесінің бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Ғабдуллин Сайлау Ибраиұлы Шет аудандық медициналық бірлестігінің дәрігері - хирург медициналық комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша)
Алғожина Замзагуль Керімқызы Шет аудандық денсаулық сақтау бірлестік медбибісі, комиссия
хатшысы (келісім бойынша)
2 Мәдени - көпшілік шаралар:
Шет ауданы әкімдігінің
2008 жылғы
25 сәуірдегі
№ 10/03 қаулысына
№2 қосымша
Мәдени - көпшілік шаралар:
р/с
Атқарылатын іс - шаралар
Өткізілетін
мерзімі
Жауапты адамдар
1
Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жүргізу
9-дан 17-ге дейін Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесі бойынша
Айдар Беспаев
Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген өлімнің бөлімше бастығы /келісім бойынша/
2
«Отанды қорғау- Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу
10 - нан 10.50 / ге дейін Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесі бойынша
Сұнғат Айтмағамбетов
Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген бөлім бастығы
/келісім бойынша/
3
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әңгіме өткізу
11-ден 11.50-ге дейін
Есенбай Қасым
Шет ауданың ішкі саясат
бөлімінің меңгерушісі
4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәзімдері туралы түсінік беру
12-ден 12.50 -ге дейін Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесі бойынша
Омарбеков Алтай
Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біркітірілірген бөлімнің бөлімше қызметкері /келісім бойынша/
6
Әскер қатарына шақырылған азаматтарды дәрігерлік куәләндіру, денсаулығын тексеру
14-тен 16.50-ге дейін
Дәрігерлер және комиссия мүшелері
7
Әскерге жарамды азаматтармен ¥лы отан соғысына қатысқан және ауғаныстанда әскер борышын өтеген ардагерлермен кездесу 4ткізу
Мамыр, қараша айлары
Есенбай Қасым
Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Сұңғат Айтмағамбетов
Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы /келісім бойынша/
3 Маман дәрігерлердің мен медбибілердің құрамы:
Шет ауданы әкімдігінің
2008 жылғы
25 сәуірдегі
№ 10/03 қаулысына
№3 қосымша
Маман дәрігерлердің мен медбибілердің құрамы:
р/с
Аты - жөні
Қызметі
1
Ғабдуллин Сайлау Ибраиұлы
Хирург-медициналық комиссиясының төрағасы
2
Абишева Меруерт Дүзелқызы
Терапевт
3
Әбілжанова Бақыт Қадырманқызы
Дерматолог
4
Базылов Амантай Халелович
Рентгенолог
5
Жанабекова Сәуле Телеубайқызы
Отоларинголог
6
Байдалина Жанар
Стоматолог
7
Абишева Меруерт Дүзелқызы
Окулист
8
Ахметова Бақыт Кәртайқызы
Медбибі
9
Игликова Назым
Медбибі
10
Тілеуберлина Гүлбахрам Төкішқызы
Медбибі
11
Омарова Көкен Шәріпқызы
Медбибі
12
Алғожина Замзагуль Керімқызы
Медбибі
13
Смайлова Шәрбат Қүнандыққызы
Медбибі
14
Олжабаева Жанар Қабидолдақызы
Медбибі
Ақадыр аумағы
1
Мұқашев Қайрат Хамитұлы
Рентгенолог
2
Флорескул Татьяна Петровна
Терапевт
3
Қарашолақова Раушан Аматайқызы
Дерматолог
4
Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы
Невропотолог
5
Мұқашев Қайрат Хамитұлы
Отоларинголог
6
Танатаров Мырзағұл Жамағазиұлы
Хирург
7
Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы
Психиатр
8
Аринов Наби
Стоматолог
9
Акишева Раушан Батталқызы
Окулист
10
Тулеуова Нургайша
Медбибі
11
Мукажанова Айдын
Медбибі
12
Ахметбекова Ляззат
Медбибі
13
Сергекбаева Бейбігүл Мұхаметқалиқызы
Медбибі
14
Ахметбекова Жанар
Медбибі
15
Каюпова Рысты
Медбибі
16
Омарханова Шакибал
Медбибі
17
Ким Марина
Медбибі
18
Адаева Зауреш
Медбибі